Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020

Мәжіліс төрағасы Шығыс Қазақстанға келді

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұмыс сапары Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық мұражайымен танысудан басталды.

Мәжіліс төрағасы Шығыс Қазақстанға келді

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттардың аймақтарға сапары аясында бүгін жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Палата спикерінің жұмыс сапары Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық мұражайымен танысудан басталды. Мәжіліс төрағасы ұлы Абай қазынасы Қазақстан халқының рухани игілігі екенін айта келіп, Қазақстан Президентінің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласында Абай шығармаларын насихаттау мен Семейдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алға қойған міндеттердің маңыздылығына тоқталды.

Н.Нығматулиннің Семейдегі жұмыс сапары аясында осындағы Жедел медициналық көмек ауруханасында Мәжіліс қарауына енгізілген «Денсаулық туралы» кодекс жобасы талқыланды. Палата төрағасы Кодекстің жаңа жобасы елімізде медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға айтарлықтай үлес қосатындығын, Заң жобасында аурулардың алдын-алу, дәрігерге дейін және дәрігерлік көмек көрсету деңгейін анықтау, сондай-ақ трансплантологиялық жаңа қадамдарға қатысты көптеген жаңалықтар қарастырылғандығын атап өтті.

Мәжіліс төрағасының жұмыс сапары одан әрі Өскеменде жалғасты. Нұрлан Нығматулин шаһардағы Еңбекпен қамту орталығында болып, көп балалы аналармен және мекеме қызметкерлерімен кездесті.

Шығыс Қазақстан облысы

Сурет Семейдегі ақпараттық орталықтан алынды