Аймақтар • 11 Қаңтар, 2020

Алматы облысында «Әлеуметтік карта» аясында 3,5 миллиард теңге жұмсалды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында тіркеуде тұратын 43 мыңға жуық отбасын 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отыр. Яғни, аймақтағы осынша отбасы жаңартылған бағдарлама бойынша атаулы әлеуметтік төлем алуды бастады.

Алматы облысында «Әлеуметтік карта» аясында 3,5 миллиард теңге жұмсалды

Республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақы  4 бала үшін - 42 496 теңге, 5 бала үшін – 53 127 теңге, 6 бала үшін - 63 757 теңге, 7 және одан көп балаға - 74 388 теңге көлемінде берілуде. Сондай-ақ, облыс бойынша 18 жасқа дейінгі 83 мың баланы әлеуметтік қолдау мақсатында 3,7 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде мектеп жасына жетпеген 31 644 бала және мектеп жасындағы 52 681 баланы киім-кешек, ыстық тамақ қамту мен қоғамдық көлікте тегін жүруі үшін аранйы әлеуметтік пакет жүзеге асып отыр.

Жалпы, облыстың «Әлеуметтік картасы» шеңберінде көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға 3,5 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетіліп, ол қаржының игілігін 106 мың адам көрген екен. Оның ішіне көп балалы аналардың қаладағы коғамдық көліктермен тегін жүруі, мектепке дейінгі мекемелердегі төлемдерді субсидиялау, табиғи газ желісіне тегін қосу және жоғарғы оқу орындарында оқу үшін білім гранттарын тағайындауі сияқты шаралар кіреді.