Қазақстан • 13 Қаңтар, 2020

Байқауда жеңіске жетті

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Мәскеу қаласында өткен «Рождественские звезды-2020» халықаралық фестивалінде атыраулық оқушылар жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Байқауда жеңіске жетті

Жыл сайын үш мыңнан астам өнерпаз бақ сынайтын байқауда Н.Тілен­диев атындағы Кіші өнер ака­де­миясының шәкірттері ел намысын қорғады. Олар 3 аталым бойынша өнер көрсетті.

«Сурет және майлы бояу» маман­дығының оқушысы Зере Саясат – бас жүлде иеленсе, Құрман­бай Іңкәр   І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен бірге академияның «Қазына» би ансамблі өз аталымында І орынды иеленді.

– «Рождественские звезды» ха­лықаралық байқауы биыл 20-шы рет ұйымдастырылды. Оған әлемнің 8 елі мен Ресей Федера­циясына қарасты 6 республиканың өнерпаздары қатыс­ты. Оқушылар үшін мұндай жарыс­та жеңімпаз атанудың маңызы зор, – дейді Академия директоры Долорес Таскарина.

Айта кетейік, осыдан аз уақыт бұрын Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының «актерлік шеберлік» мамандығының оқушы­лары Чехия астанасы Пра­гада өткен халықаралық жарыстан бас жүлдемен оралған еді. Олар Шекспирдің «Ромео и Джульетта» пьесасын сахналаған болатын.