Жиын барысында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, мүгедектерге арналған әлеуметтік қызметтер порталын енгізудің артықшылықтары туралы айтты.
Вице-министр Ұлан ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығында АӘК тағайындауға өтініш білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау барысымен, жергілікті атқарушы органдардың табысы аз отбасылардың балаларына кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етуге дайындығымен танысты. Сонымен қатар жергілікті ХҚО-да болды.
Өскемен қаласында мемлекеттік органдар өкілдерінің, облыстың мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің және мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Вице-министр іс-шараға қатысушыларды мүгедектер көтеретін мәселелер және оны шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
«Жеке көмекшілердің қызметтерін ұсынатын ҮЕҰ-ға көптеген шағым келіп түседі. Атап айтқанда, олардың қызметі ашық емес, әкімшілік шығындарға қаражаттың 10%-ын ұстап қалады, қызметтерге уақтылы төлемеу, жұмыс істеген уақыт санын дұрыс бағаламау және т.б.», деді ол.
Е.Әукеновтің айтуынша, мүгедектер белгілеген мәселелерді шешу үшін 2015 жылғы 22 қаңтардағы қолданыстағы бұйрыққа жеке көмекшілердің қызмет көрсетуін реттейтін, жеке көмекшілердің қызмет көрсетулері бойынша ең көп сағат көлемін айына 176 сағаттан асырмай белгілеу; ҮЕҰ-ны әкімшілік шығындарға 5%-дан асырмай ұстап қалуды болжайтын нормаларды енгізу; қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын және жеке көмекшілерге қойылатын талаптарды анықтау бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады. Бұл ретте, мүгедектігі бар адамдардың ескертулерін ескере отырып, бұйрық жобасынан жақын туыстарына жеке көмекшілер қызметін көрсетуге тыйым салатын норма алынып тасталды.
Вице-министр сондай-ақ 2020 жылғы шілдеден бастап жеке көмекшілердің қызметтері әлеуметтік қызметтер порталына ауыстырылатынын, содан кейін шарт мүгедектігі бар адамның өзі жеке көмекшісімен немесе ҮЕҰ-мен жасалатынын жеткізді. Қызметті порталға ауыстыру Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі анықтаған осы саладағы бұзушылықтарды азайтуға мүмкіндік береді.
«Бұдан басқа, көптеген өтініш медициналық-әлеуметтік сараптамадан (бұдан әрі – МӘС) өтуге және мүгедектікті белгілеуге байланысты. Мүгедектігі бар адамдар қолайсыз оңалту болжамы бар аурулар бойынша қайта куәландырудан жиі өту қажеттігіне байланысты қолайсыздықтарды бірнеше рет атап өтті», деді Е.Әукенов. Осы мәселені шешу үшін Еңбекмині Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын әзірледі.
Вице-министр сондай-ақ облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұжымымен кездесіп, облыс әкімдігінде өңірдің қалаларымен және аудандарымен жаңа форматтағы АӘК тағайындау және аз қамтылған отбасылардағы балаларды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету мәселелері бойынша селекторлық семинар-кеңес өткізді.