Парламент • 13 Қаңтар, 2020

Орталық жұмысымен танысты

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева мен Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Серік Құсайынов «Бақытты отбасы» орталығының жұмысымен танысты.

Орталық жұмысымен танысты

Депутаттармен кездесуге ор­та­лыққа қаланың әр ауданынан жиналған 40 шақты көп балалы ана арнайы келіп қатысты. Кездесу барысында көп балалы аналардың мұң-мұқтажы тыңдалды. Аналар әртүрлі тақырыптарды көтерді. Көптеген сұрақ атаулы әлеу­меттік көмек алуға қатысты болды, оған Мәжілістің вице-спи­кері Гүлмира Исимбаева егжей-тег­жейлі түсініктеме берді.

Сонымен қатар көп балалы аналар тұрғын үй, тұрғылық­ты жері бойынша тіркелу, ипоте­ка­лық несие және т.б. сұрақ­тар­ға жауап алды. Орталық жетек­ші­сі Зульфия Байсақова мә­жі­ліс­мендерге орталықтың көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдауы бойынша мәлімет берді.

Орталықта мамандар аналарға жаңа мамандықтарды игеру бо­йынша курстар өткізіп, психо­логиялық және құқықтық кеңес берілетінін айтты. Сондай-ақ кездесуге Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров, Nur Otan партиясы Медеу аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов, Алматы қаласы Әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева қатысты.