Қоғам • 13 Қаңтар, 2020

Алматының Медеу ауданында тұлға анықтайтын камералар орнатылады

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медеу аудандық әкімдігінің өкілдері пилоттық режимдегі тұлғаның кім екенін анықтайтын камералардың қайда орнатылатынын мәлімдеді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

Алматының Медеу ауданында тұлға анықтайтын камералар орнатылады

Мамандар Медеу ауданындағы микроучаскелердің бірінде құқықбұзушылықтарды азайтуға және қылмыстың бетін ашуға мүмкіндік беретін заманауи жүйені іске қосуды жоспарлап отыр.

«Негізінде «ақылды камералар» пилоттық жоба аясында тек Көк базар аумағында орнатылады. Отандық ойлаптапқыштардың өнімі тұлғаның кім екенін және нөмірді анықтауға, адамның не көліктің ереже бұзу деректерін әшкерелеуге және жоғалған заттарды табуға мүмкіндік береді. Бұл жан-жақты талқылаудан өтетін жобалардың бірі ғана. Бағдарламаның негізгі мақсаты – адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету», делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.