Қоғам • 13 Қаңтар, 2020

Арқалық политехникалық колледжінің директоры бюджет қаржысын жымқырғаны үшін жазаланды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс әкімдігі Білім басқармасының «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК директоры А.С. Оспановқа қатысты колледж оқытушыларының еңбекақысына қосымша ставкаларды негізсіз есептеу жолымен бюджет қаржысын жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арқалық политехникалық колледжінің директоры бюджет қаржысын жымқырғаны үшін жазаланды

- 6 қаңтарда Арқалық қалалық сотының үкімімен Оспанов А.С. бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 млн 864 мың 950 теңге сомасында айыппұлға жазаланды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды, - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар