Аймақтар • 13 Қаңтар, 2020

Сенаторлар Қорғалжын ауданының тұрғындарымен әлеуметтік жаңалықтарды талқылады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Рашит Әкімов пен Дәурен Әділбеков Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қорғалжын ауданында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар Қорғалжын ауданының тұрғындарымен әлеуметтік жаңалықтарды талқылады

Мәслихат депутаттарымен кездесуде 2019 жылғы Парламент жұмысының қорытындылары туралы хабардар етті және ауыл тұрғындарының өміріне әсер ететін әлеуметтік сала жаңалықтарын талқылады.

Депутаттар сондай-ақ аудандық аурухана, агротехникалық колледж және «Бақара» ет комбинаты ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Кездесуде медициналық қызметкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру және халыққа дәрігерлік қызмет көрсетудегі проблемалық мәселелерді, атап айтқанда, аудан аумағында тұратын, бірақ елордада тіркелген тұрғындар саны туралы, медициналық мекемені қаржыландыру туралы, сондай-ақ жұмыс істемей тұрғаны аудандық аурухананың лифті және оны жөндеу үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлу қажеттігі туралы мәселелерді көтерді.