11-12 қаңтар күндері Дохада (Катар) Халықаралық дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған семинар өтті.
Халықаралық шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 293 маман жиналды. Қазақстан атынан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев, федерацияның рефери директоры Мухсин Нұртазин, төрешілер Данияр Айтымбетов, Жандос Қиянов, Қайрат Төленов пен Денис Амелин қатысты.