М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми-зерттеу орталығында өткен шараға педагогтар, басқармалардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Әңгіме барысында еріктілік, азаматтық қоғамды дамыту, дарынды жастарды қолдау туралы әңгіме өрістеді.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Нұрлан Бекназаров өз сөзінде Жастар жылын қорытындылады және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарова Парламент Сенатының жанындағы Жастар кеңесінің алдағы жұмыс жоспарымен бөлісіп, жастарды Қазақстанның дамуындағы қозғаушы күш болуға шақырды.