Аймақтар • 14 Қаңтар, 2020

Биыл Шымкентке 590 жаңа автобус келеді

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте қоғамдық көлікті күніне 650 мыңға жуық жолаушы пайдаланады. Оларға 25 тасымалдаушы мекемедегі 1 621 автобустар қызмет етеді. Дегенмен қолданыстағы көліктердің 60%-ы ескірген. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл Шымкентке 590 жаңа автобус келеді

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін өткен жылы 300 жаңа автобус алынды. Бұл жерде Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі қолданылған, арнайы мамандармен бірлесе жұмыс тобы құрылып, жол картасы бекітілді.

Жоспарға сәйкес, қаланың көлік саласын даму схемасы әзірленеді. Осыған сәйкес, 2020 жылы 590 жаңа автобус алынады.

Сонымен қатар биылғы жылы қоғамдық көлік бағыттарын жаңа форматқа көшіру,заманауи диспетчерлік орталық құру, электрондық билеттендіруді енгізу жұмыстары да қолға алынады.