Спорт • 15 Қаңтар, 2020

Грек-рим күресінен Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан командасы анықталды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-20 маусым аралығында Францияның Ницца қаласында Грек-рим күресінен Гран-при турнирі өтеді. Қазақстан командасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов жарысқа қатысатын балуандар есімін атады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 

Грек-рим күресінен Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан командасы анықталды

Ницца бозкілемінде Қазақстан атынан төмендегі балуандар белдеседі: 

55 келі: Аманғали Бекболатов, Жансерік Сәрсенбиев;

60 келі: Дастан Зарлыханов, Ернар Фидахметов; 

63 келі: Ернұр Фидахметов, Мейрамбек Айнағұлов;

67 келі: Мейіржан Шермаханбет, Данияр Қаленов, Алмат Кебіспаев; 

72 келі: Қаһарман Қисметов;

77 кели: Демеу Жадыраев, Асхат Ділмұхамедов, Асхат Жаңбыров, Диас Қален;

82 келі: Мирас Баршылықов; 

87 келі: Ерсайын Сайфуллин;

97 келі: Әлімхан Сыздықов, Ерұлан Ысқақов;

130 келі: Нұрмахан Тінәлиев.