Кәсіпқой бокс • 15 Қаңтар, 2020

Кәсіпқой боксшыларымыз рейтингтегі жағдайларын жақсартты

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингінде Қазақстанның қос өрені өздерінің жағдайларын біршама жақсартты.

Кәсіпқой боксшыларымыз рейтингтегі жағдайларын жақсартты

Орта салмақта WBC (USNBC) нұсқасы бойынша чемпиондық атақтың иегері Мейірім Нұрсұлтанов тоғызыншы орыннан сегізіншіге көтерілсе, Жәнібек Әлімханұлы бірден үш сатыға жоғарлады. WBC Continental Americas және WBO Global тұжырымдарының алтын белбеулерін иеленіп отырған қандасымыз бұл күндері 12 орынға жайғасты. Қазіргі кезде дәп осы жігіттерге барша қазақ жанкүйерлері үлкен сенім артып отыр. Олардың біз кәсіпқой бокстың шыңынан көргіміз келеді. Тіптен, осы саланың басы-қасында жүрген майталман мамандардың өздері Мейірім мен Жәнібектің келешегі жарқын екеніне кәміл сенеді.

Ал жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жанабаев пен бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев өз позицияларын сақтап қалды. Бірі – сегізінші, екіншісі – 12 сатыға табан тіреп тұр.