Руханият • 15 Қаңтар, 2020

Алматыда Молдахмет Сыздықұлына ескерткіш тақта орнатылды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Қазақстанның Халық суретшісі Молдахмет Сыздықұлының жарқын бейнесін ұрпақ жадына салатын мемориалды тақта ашылды. Тақтайша өнер иесі отыз жылдан астам уақыт тұрған Төлебаев көшесі №125 үйге қойылды. Биыл көрнекті суретшінің туғанына  – 95 жыл толып отыр.

Алматыда Молдахмет Сыздықұлына ескерткіш тақта орнатылды

Қазақ кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі саналатын педагог шебердің артына қалдырған шығармалары ұрпақ үшін ұлы мұра. Тақтаның ашылу салтанатына балалары мен туысқандары жиналды. Әбілхан Қастеевпен замандас болған оның туындылары терең лиризм мен эпикаға толы.

Бүгінде суретшінің бес баласы да осы сурет саласында әке жолын жалғап жүр. Олардың да өнер әлемінде өздеріне тән қолтаңбасы қалыптасқан.

Шара қалалық әкімдіктің қолдауымен іске асты. Арнайы комиссияның қарауына 40-тан астам елге еңбегі сіңген қайраткердің жетістіктері келіп түскен. Нәтижесінде 10 тұлғаға мемориал ескерткіш қою шешімі шықты.

 

 

АЛМАТЫ