Әлем • 15 Қаңтар, 2020

Ресей Федерациясының Үкіметі отставкаға кетеді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының Үкіметі толық құрамда отставкаға кетеді. Бұл туралы Министрлер кабинетінің басшысы Дмитрий Медведев мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Ресей Федерациясының Үкіметі отставкаға кетеді

РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведев ел Президентінің Конституцияға өзгерістер енгізу туралы жасаған ұсынысы аясында іс басындағы Үкіметтің толық құрамда отставкаға кетуін жөн деп санайды, деп жазады ТАСС.

«Атап өтілгендей, талқылаудан кейін аталмыш өзгерістер қабылданған жағдайда, олар Конституцияның бірқатар баптарына ғана емес, сондай-ақ тұтастай биліктің, атқарушылық биліктің, заңнамалық биліктің, сот билігінің балансына айтарлықтай өзгерістер енгізеді. Бұл контекстте біз Ресей Федерациясының үкіметі ретінде еліміз Президентіне қажетті барлық шараларды қабылдауға мүмкіндік беруіміз қажеттігі түсінікті. Және осы жағдайда, РФ Конституциясының 117-бабына сәйкес Ресей Федерациясының үкіметі бүгінгі құрамында отставкаға кеткені дұрыс деп санаймын», - деді Д.Медведев.