Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Бүркенген уағызшы мен тіркелген миссионер

474 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әр адамның діни наным-сенім бостандығына құрметпен қарау – парыз. Алайда, сананы улаған ағымдардан сақтандыру мен қорғану жұмысын үнемі жетілдіріп отыру жалпының міндеті болуы керек. Әсіресе жас ұрпақ өкілінің жат діни ағымдардың арбауына түспеуі үшін мемлекеттік қатаң шаралар қабыл­дауға міндетті.

Бүркенген уағызшы мен тіркелген миссионер

 

Дерек бойынша, соңғы кез­дері тыйым салынған діни ағымдар ғаламтор арқылы белсенді жұмыс істей бастаған. Яғни, интернет кеңістігіндегі астыртын әрекеттің күшеюі жастар арасындағы діни адасу­ға ұрыну қауіпін де туғы­зуда. Қуаныштысы, елімізде бұл қатердің алдын алу жұмы­сы жолға қойылған. Бүгінде ға­ламтор желісіндегі ты­йым салынған діни идеяларды таратушылармен кү­рес «Kazdream Media» мониторинг жүйесі арқылы бақыланады екен. Арнайы жүйе бойынша интернет кеңістігін үздіксіз зерделеп, жалған діни ағымдар­ды насихаттаушы­лар мен ұстанушыларды дер кезінде танып, қатерлі аймақ­тарды да анықтауға бола­ды. Мониторинг нәти­жесіз емес. Мысалға, осы жүйе іс­ке қосылғалы бері Алма­ты об­­лысынының аума­ғын­да дәс­түрлі емес діни ағым­дар­­­дың уағызын тыңдап, та­ра­­­туға әрекет жасаған 45 141 ғаламтор қолданушы анық­­­­талған. Күдікті интернет тұты­ну­шылардың ID ме­кен­жайы анықталып, сол арқылы күдік­ке ілінгендермен түсіндіру жұмысын жүргізу үшін полиция мен аудан, қала әкім­діктері жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, облыс аума­ғын­да бір жыл бойы ғаламтор­ға жасалған зерделеу жұмыс­тары 2477 діни насихат көзін сараптауға мүмкіндік берген. Оның ішінде әлеуметтік желідегі бірлестіктер, топтар, видеоканалдар, мессенд­жер­лер және сайттарға жасал­ған зерттеуден кейін 564 на­сихат көзі Қазақстан Респуб­ли­касының заңдарына сәйкес қауіпті деп табылып, бұғат­талған екен.

Айтпақшы, Алматы облысы дін істері басқармасының дерегінше аймақта миссио­нер­лік қызметпен айналысу үшін 29 заңды тұлғаға рұқсат берілген. Олардың жұмысы еліміздің «Діни қызмет және діни бір­лес­тіктер туралы» Заңы негі­зінде қадағаланып отыр екен. Ал шетел азаматтарының миссио­нерлік қызметі басқарма тарапынан қатаң бақылауға алынған.

Дерекке сүйенсек ресми тіркелген 29 миссионердің ішінде 19 заңды тұлға като­лик дінін, 4 нысан протестант­тық ба­ғытты, 3 діни бірлестік ислам дінін уағыздаса, тағы 3 ді­ни қауымдастық дәстүрлі емес діни нанымды ұстанушы, яғни, Кришна жолындағылар екен.

Оның ішінде Жетісудағы дін тарату ісі жолында 9 мемлекеттен келген шетелдік өкіл тер төгіп жүр. Олардың арасын­да Оңтүстік Кореядан кел­ген 6 пірәдар, польшалық 6 мис­сионер, испаниялық 5 дін­дар, италиялық 2 әулие, түр­киялық 2 молла, ресейлік 2 поп және Мысырдан – 1, Аме­ри­кадан – 1 дін таратушы бар. Тағы 3 қазақстандық та осы діни ағар­тушылық миссия бағы­тын­да қызмет көрсетіп жүр екен.

 

Алматы облысы