Медицина • 16 Қаңтар, 2020

Аустрия профессоры – кардиологтарға шеберлік дәрісін өткізді

202 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл күнде жүрек-қан тамырлары дерттерінен болатын ауру-сырқау мен өлім-жітімнің белең алуы мамандарымызға заманауи тұрғыда тәжірибе жинақтауды жүктеп отыр.

Аустрия профессоры – кардиологтарға шеберлік дәрісін өткізді

Осы мәселеге орай, Алма­ты­дағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Алматы, Талдықорған, Атырау, Тараз, Петропавл қала­ларының интервенциялық кар­диологтары мен электрофизио­логтары, аритмологтары, сон­дай-ақ Өзбекстанның интер­вен­циялық аритмологтары үшін клиникалық электрофизиология және интервенциялық аритмология бойынша оқыту циклы өтті.

Шеберлік курсын Аустрияның Санкт Пёлтен қаласындағы University Heart Center профес­соры, қондырғыларды имплант­тау және электродтарды эндо­васкулярлық экстракциялау жө­нін­дегі жетекші сарапшы Крис­тиан Волман жүргізді. Сондай-ақ, Доктор Кристиан Волман тың­даушыларға синустық түйін­нің әлсіреу синдромы мен оны емдеудің заманауи тәсілдері туралы айтып берді.

Сонымен бірге Жүрек ыр­ғағы және өткізгіштігінің ауыт­қу­лары бөлімшесінің жетек­ші­сі, аритмолог дәрігер, жү­рек электрофизиологы Роин Рек­­вава курсқа қатысқан дә­рігер­­лерді жүрек ырғағының бұзы­лыстарын емдеудің зама­науи интервенциялық әдіс­терімен таныстырды. Ол жүрек­алды фибрилляция барлық ин­сульт­тардың шамамен үштен бір бө­лігінің және дененің бас­қа жерінде пайда болатын ұйы­ған қанның жарылып, қан ағы­сы арқылы миға құйылған ке­зін­де туындайтын эмболиялық инсульттің негізгі себепшісі болып табылатынын атап өтті.

Оқыту курсы кезінде профессор Кристиан Волман мен Роин Реквава ота жасай отырып шеберлік сағатын өткізді.

Сондай-ақ, Дағдарыстарды зерттеу орталығының (Каунас, Лит­ва) кардиолог дәрігерлері курс тыңдаушыларын жүрекалды фибрилляциясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдіс­терімен таныстырып, «Жү­­рекалды фибрилляциясы ке­­зіндегі криоаблация» тақы­ры­бында шеберлік дәрісін өт­кізді.

Өз мамандығының майтал­маны болған осындай ма­ман­дардың шеберлік сабақ­тары дә­рі­герлерімізге бар­лық жи­нал­ған ақпаратты жүйелен­діруге және оны тәжі­рибеде ұтым­ды пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл күнде еліміздегі Кар­диология және ішкі аурулар ҒЗИ – аритмологиялық ин­тер­­вен­циялық араласуларды көр­сету жөніндегі жетекші ор­та­лықтардың бірі. Тек 2019 жылы 800-ден астам, ал соңғы 3 жылда – 2500-ден астам сәтті операция жасалды.

 

АЛМАТЫ