Осы мәселеге орай, Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Алматы, Талдықорған, Атырау, Тараз, Петропавл қалаларының интервенциялық кардиологтары мен электрофизиологтары, аритмологтары, сондай-ақ Өзбекстанның интервенциялық аритмологтары үшін клиникалық электрофизиология және интервенциялық аритмология бойынша оқыту циклы өтті.
Шеберлік курсын Аустрияның Санкт Пёлтен қаласындағы University Heart Center профессоры, қондырғыларды импланттау және электродтарды эндоваскулярлық экстракциялау жөніндегі жетекші сарапшы Кристиан Волман жүргізді. Сондай-ақ, Доктор Кристиан Волман тыңдаушыларға синустық түйіннің әлсіреу синдромы мен оны емдеудің заманауи тәсілдері туралы айтып берді.
Сонымен бірге Жүрек ырғағы және өткізгіштігінің ауытқулары бөлімшесінің жетекшісі, аритмолог дәрігер, жүрек электрофизиологы Роин Реквава курсқа қатысқан дәрігерлерді жүрек ырғағының бұзылыстарын емдеудің заманауи интервенциялық әдістерімен таныстырды. Ол жүрекалды фибрилляция барлық инсульттардың шамамен үштен бір бөлігінің және дененің басқа жерінде пайда болатын ұйыған қанның жарылып, қан ағысы арқылы миға құйылған кезінде туындайтын эмболиялық инсульттің негізгі себепшісі болып табылатынын атап өтті.
Оқыту курсы кезінде профессор Кристиан Волман мен Роин Реквава ота жасай отырып шеберлік сағатын өткізді.
Сондай-ақ, Дағдарыстарды зерттеу орталығының (Каунас, Литва) кардиолог дәрігерлері курс тыңдаушыларын жүрекалды фибрилляциясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерімен таныстырып, «Жүрекалды фибрилляциясы кезіндегі криоаблация» тақырыбында шеберлік дәрісін өткізді.
Өз мамандығының майталманы болған осындай мамандардың шеберлік сабақтары дәрігерлерімізге барлық жиналған ақпаратты жүйелендіруге және оны тәжірибеде ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұл күнде еліміздегі Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ – аритмологиялық интервенциялық араласуларды көрсету жөніндегі жетекші орталықтардың бірі. Тек 2019 жылы 800-ден астам, ал соңғы 3 жылда – 2500-ден астам сәтті операция жасалды.
АЛМАТЫ