Оқиға • 17 Шілде, 2024

Семейде суға батып бара жатқан екі бала құтқарылды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құтқарушылар Ертіс өзеніне батуға шақ қалған екі баланы дер уақытында құтқарып үлгерген, деп жазады Egemen.kz.

Семейде суға батып бара жатқан екі бала құтқарылды

Фото: видеодан кадр

Шомылып жүріп, суға батып кете жаздаған 5 және 8 жастағы балалар медициналық көмекті қажет етпеді. 

Балаларды аман алып қалған қаһармандар: Думан Әбділданов пен Қуаныш Молдашов.

ТЖМ хабарламасында: «Бейтаныс және жабдықталмаған жерде шомылмаңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз», делінген.