Іріктеу турнирінің алғашқы айналымында қазақстандық Дмитрий Попко қытайлық Чзэ Чжанмен кездесті. Өте шиеленісті өткен екі сеттік бәсеке екі ретінде де тай-брэйкке дейін жетті. Нәтижесінде жерлесіміз 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, «Үлкен дуылға» санатындағы айтулы жарыстың тұсауы сонау 1905 жылы кесілді. Бұрындары ол Австралияның түрлі қалаларда ұйымдастырылса, соңғы жарты ғасырдан аса уақытта Мельбурнда өтуде.
Былтырғы жарыста ерлер арасында Сербияның саңлағы Новак Джокович дара шықты. Финалда ол испаниялық Рафаэль Надальдан басым түсті. Ал әйелдер сайысында жапониялық Наоми Осака озды. Ақтық сында ол чехиялық Петра Квитованы қапы қалдырды.