Футбол • 16 Қаңтар, 2020

Футбол: Владимир Никитенко «Тараздың» тізгінін ұстады

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білікті маман Владимир Никитенко Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін «Тараз» клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Футбол: Владимир Никитенко «Тараздың» тізгінін ұстады

63 жастағы Кабардино-Балкарияның тумасы 1978-1987 жылдар аралығында Алматының «Қайрат» клубында өнер көрсетті. Амплуасы – жартылай қорғаушы. Республикамыздың бас командасы сапында 300-ге жуық ойын өткізіп, 14 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Кейіннен Павлодардың «Трактор», Жамбылдың «Химик» және Алматының «Достығында» ойнады.

1991 жылдан бастап бапкерліктің қамытын киіп, Қазақстанның көптеген клубтарын баптады. 2017 жылы еліміздің жастар құрамасының (U-21) тізгінін ұстады. 2003-2007 жылдар аралығында Грозныйдың «Терек» клубын жаттықтырды.