Осы арада оқырманға түсінікті болу үшін айта кетелік, бағыттамалық электр жетегі темір жолдың түйіскен тұстарында рельстерді ашып-қосып, пойыздарды бағыттап отырады. Рельстердің жанында орналасқан жетектер темір жол стансаларынан басқарылады.
Аталмыш компания 2013 жылғы келісімшартқа сәйкес, «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ үшін 2023 жылға дейін 10 000 бағыттамалық электр жетегін жасап беруі тиіс.
Ал Р80 бағыттамалық электр жетегіне оның өмірлік циклі ішінде қызмет көрсету шығындарының төмендетілгендігі арқасында ол ұзақ мерзімге оңтайлы инвестицияға айналып отыр.
Алматы қаласындағы ҚЭП өнеркәсібінде жасалатын Alstom компаниясының Р80 типті бағыттамалық электр жетегі ең аз мерзімдік техникалық қызмет көрсету барысында қозғалыс қауіпсіздігінің өте жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Р80 бағыттамалық электр жетегі сағатына 180 шақырымға дейін жылдамдық кезінде және күрделі жөндеуден кейін қызмет ету мерзімі 15 жылға шектеусіз ұзартыла отырып, коммерциялық пайдалану мерзімі 20 жылға дейін сертификатталған. Alstom компаниясы әлемнің 30-дан астам елінде 50,000-нан астам бағыттамалық электр жетегін орнатқан.
Алматы қаласындағы ҚЭП өнеркәсібінде өндірілетін Alstom компаниясының Р80 типті бағыттамалық электр жетегі ең аз мерзімдік техникалық қызмет көрсету кезінде қозғалыс қауіпсіздігінің өте жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін жасап шығарылған. Р80 бағыттамалық электр жетегі сағатына 180 шақырымға дейінгі жылдамдық кезінде және күрделі жөндеуден кейін қызмет ету мерзімі 15 жылға шектеусіз ұзартыла отырып, коммерциялық пайдалану мерзімі 20 жылға дейін сертификатталған. Alstom компаниясы әлемнің 30-дан астам елінде 50 000-нан астам бағыттамалық электр жетегін орнатқан.
«Біз «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ үшін 3 мыңыншы P80 бағыттамалық электр жетегін жасап шығарғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл біздің өнімнің беріктігі мен жергілікті инфрақұрылымға толық сәйкес келетіндігін дәлелдейді. Біз әріптесіміз ҚТЖ-ға бағыттамалық электр жетектерін жеткізуді жалғастырамыз» деді ҚЭЖ БК Бас директоры Ирина Лукошкова.
Бағыттамалық электр жетегі – бұл теміржол көлігінде қолданылатын электрмеханикалық ауыстыру механизмі және де ол бағыттаманы жылжыту, бұғаттау және оған үздіксіз бақылау жасауға арналған.
Жоғарыда атап өткендей, 2013 жылы құрылған ҚазЭлектроПривод өнеркәсібі Қазақстан темір жолын 10 000 бағыттамалық электр жетегімен қамтамасыз етуде жалпы сомасы 90 миллион еуроны құрайтын келісімшартқа қол жеткізген болатын. Бүгінгі таңда Alstom компаниясы және «SOP Trade» ЖШС ҚЭП активтерін теңдей басқарады. Жалпы алаңы 2,870 шаршы метр жерде 50-ден астам адам ҚТЖ үшін P80 бағыттамалық электр жетектерін жеткізу жолында еңбек етеді.