Медицина • 17 Қаңтар, 2020

Маммографияның орнына томосинтез келді

455 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Таяуда Алматыда алғашқы Томосинтез орталығы ашылды. Осындай озық технологияға негізделген Томосинтез орталығы 1,5 жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласында ашылған-ды.

Маммографияның орнына томосинтез келді

Жапониядан жеткен озық диг­нос­тикалық аппарат – денсау­лық саласындағы жағымды оқиға ғана емес, Алматының айна­ла­сын­дағы бүкіл оңтүстік өңірлер­дің тұр­ғындарына жасалған үлкен сый деп те айтуға болады.

Бұл жоба Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, мемлекет-же­ке­меншік әріптестік шеңберінде жү­зеге асырылды.

Divera томосинтез жаңа ор­талығы заманауи Fujifilm Amulet Innovality аппаратымен жаб­дық­талған және қазіргі уақытта Алматы қаласындағы жалғыз томосинтез. Орталықты құру және оны жаб­дықтау толығымен жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылды.

«Томосинтез – сүт безі обырын диагностикалаудың инновациялық әдісі. Қалыпты 2D-маммографиядан айырмашылығы, томосинтез әр­түрлі бұрыштағы жұқа қабатты су­рет­тердің қатарын шығарады, бұл сүт безі обырын ерте бастан аса дәл­дікпен анықтауға және па­­циент­­тердің өмірін сақтауға мүм­­кіндік береді», дейді «Қазақ онкология және радиология ғылы­ми-зерттеу институты» АҚ бас­қарма төрайымы, медицина ғылым­дарының докторы Диляра Қайдарова.

– Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің компания Алматыдағы Он­кология орталығымен мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында үлкен жоба бастады. Бұл жобаға біз инвестор ретінде 140 миллион теңге қаражат жұмсадық. Басты мақсат – сүт безі обырын бастапқы кезеңде анықтап, дер кезінде, асқындырмай ем жүргізу. Өздеріңізге белгілі, елімізде сүт безі обыры әйелдер арасында бірінші орында тұр. Бұл аппараттың маммографиядан үлкен артықшылығы – 1 мм өлшемде, яғни миллиметрлеп сүт безі қатерлі ісігін анықтайды. Және томосинтезге түсіріп жатқан кезде биопсия­ны да қоса жүргізе аламыз. Бұрын мам­мограф сүт безі обырының бел­гілері болса, науқастың бұлшық етін алу үшін емханаларға, хирургке жіберетін. Енді қазір қажет болған жағдайда диагностикамен қоса биопсия да жасалады. Ең бас­тысы, томосинтез – онкология сала­сындағы ең заманауи жаңа технология. Елімізде 2017 жылы бұл аппарат Нұр-Сұлтан қаласына әкелінген. 1,5 жылдан кейін екінші аппарат Алматы қаласына келді. Өйткені Алматы қаласы мен облысында халық көп. Бұл аппараттың бір артықшылығы, «Цифрлы Қазақ­стан» жобасын да алға жылжытады. Томосинтез суреттерін электронды пошта арқылы кез келген жаққа, онколог-дәрігерлердің қарауына жібере беруге болады,  – дейді «Olymp Medical Group» ЖШС бас директоры Ержан Сүлейменов.

Аппаратты Қазақстанға әкел­ген­нен кейін 1 ай ішінде Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстар берілді. Онда 2020 жылдан бастап стандарт есебінде жаңа аппаратты сүт безі қатерлі ісігін анықтайтын диаг­ностика түріне кіргізу және оған тариф қою ұсынылған. Қазір минис­трлік бұл жобаны қарап жатыр. Ал биылдан бастап елімізде МӘМС енгізілді. Сондықтан осы ап­парат та медициналық сақтан­дыру жүйесіне кіреді деген үміт бар. Ең бастысы, бұл аппараттың радиациялық әсері өте төмен. Бұ­рын маммографиялық скринингке 40 жасқа дейінгі қыз-келіншектер келетін болса, бұл аппарат 40 жасқа дейінгілерге де диагностика жасайды.

Қазіргі таңда томосинтездің көмегімен сүт безі обырын диагнос­тикалау әдістері Еуропада, АҚШ-та, Кореяда және Жапонияда табыс­ты қолданылады.

Ал сүт безі обыры – әлемде ең кең тараған қатерлі ауру және әйел­дер арасындағы өлім-жітім­нің басты себепшісі болып отыр. Қа­зақстанда сүт безі обыры әйелдердің онкологиялық аурушаңдығы құры­лымында бірінші орында тұр.

Өз кезегінде қатерлі ісікті асқын­дырмай анықтауға бағыт­талған жүйелі скрининг, емдік тактиканы уақтылы диагностикалау және стандарттау елімізде сүт безі обырынан өлім-жітім деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

АЛМАТЫ