Тексеру барысында автокөліктің артқы жүк салғышынан ерекше иісі бар сөмке, ал салоннан сол тәріздес шөп салынған 2 пластикалық құты алынды.
Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар заттың жалпы салмағы 16 келі 788,65 грамм болатын кептірілген марихуана екендігі анықталған.
Бүгінгі күні күдікті Қармақшы аудандық Полиция бөлімінің Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.