Аймақтар • 19 Қаңтар, 2020

Қызылордада ақбөкен атқан «Охотзоопром» мекемесінің 3 қызметкері ұсталды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қармақшы аудандық полиция бөлімі учаскелік полиция инспекторлары мен «Охотзоопром» РМҚК өкілдерінің бірлескен рейді барысында Қармақшы ауданынан 15 шақырым жерде орналасқан «Тышқантам» учаскесінде  «Ланд Крузер ЛХ76» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексере келгенде көліктің «Охотзоопром» РМҚК мекемесіне тиесілі екендігі анықталды, ондағы 3 адам да сол мекеме қызметкерлері болып шықты. Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.          

Қызылордада ақбөкен атқан «Охотзоопром» мекемесінің 3  қызметкері ұсталды

Автокөліктерді сырттай қарау кезінде артқы бамперден қан іздері байқалып, полиция қызметкерлері жүргізушіден  жүк салғышты ашуды талап еткен.

Бірақ автокөлік жүргізушісі мен оның жанындағы 2 адам полицейлердің талаптарына бағынудан бас тартып, оқиға орнынан қашып кетеді. Полиция қызметкерлері көп кешікпей көлікті «Охотзоопром» тұрағынан тапты.  

Оны тексеру барысында салоннан 1 дана тегіс ұңғылы қару, пышақ және прожектор  заттай дәлелдеме ретінде алынды. Сонымен қатар, автокөліктің артқы жүк салғышынан ақбөкеннің еті табылды.

Ұсталғандардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, ал қалғандарына қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2,4-тармақтары бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.