2019 жылғы 26 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Жаңа заңның негізінде еліміздің тұрғын үй саласында жүзеге асырылатын реформа бірқатар күрмеуі қиын мәселенің түйінін тарқатуға бағытталған.
Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Атап айтар болсақ, біріншіден, көп пәтерлі тұрғын үйді кондоминиум объектісі ретінде тіркеу тәртібі реттеледі және жеңілдейді. Бүгінде кондоминиумдарды басқару органдарының кейбір басшылары тарапынан көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін сатып алу және сату, жалға беру тұрғын үй тұрғындарының келісімінсіз жүргізілетіні жөнінде азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің көптеген өтінішті келіп түсуде. Осылайша қарапайым тұрғындардың құқықтары бұзылып, олардың тарапынан наразылықтар артуда. Бұл жағдайда КПТҮ пәтер иелері тұрғын үйді кондоминиум объектісі ретінде тіркеу, тұрғын үйдің жалпы ауданын, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін және ортақ мүліктегі әрбір пәтер мен тұрғын емес үй-жайдың үлесін, жекеменшіктегі пәтерлер алаңы мен тұрғын емес үй-жайлардың ауданын айқындауы қажет. Азаматтық кодекстің 209-бабына сәйкес, жылжымайтын мүлікке меншік кондоминиум нысанында туындауы мүмкін, бұл ретте жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері азаматтардың және заңды тұлғалардың жекеменшігінде болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікте болмайтын бөліктері жылжымайтын мүлік бөліктерінің меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады. Кондоминиум объектісін тіркегеннен кейін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері кондоминиумға қатысушылар болады және кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану бойынша тең құқықтарға ие болады.
Тәжірибе көрсеткендей, жаңа үйлерде жекелеген құрылыс салушылар немесе басқарушы компаниялар көп пәтерлі тұрғын үйді кондоминиум объектісі ретінде тіркеуге дейін ортақ мүліктің бір бөлігін сатады. Осындай заңсыз әрекеттердің алдын алу және теріс пиғылды азаматтарға бөтен мүлікті басып алуға мүмкіндік бермеу үшін заң әзірлеушісі осындай сәттерді ескереді және Заң нормаларына сәйкес нысанның ортақ мүлкінің алаңы көппәтерлі тұрғын үйді жобалау сатысында анықталатын болады.
Екіншіден, КПТҮ басқару бойынша пәтер иелерінің және тұрғын емес үй-жайлардың құқықтары қамтамасыз етіледі. Бүгінде тұрғын үйлерді негізінен пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК), басқарушы компаниялар және өзге де ұйымдар басқаруда. Олардың қызметін ашық жүргізуіне қатысты бірқатар олқылық бар. Бұл халық тарапынан олардың қызмет көрсету сапасына қанағаттанбаушылық тудырады, соның салдарынан ПИК-ке деген сенім төмендеп, пәтер иелерінің үйді күтіп-ұстауға және күрделі жөндеу жүргізуге қаражат жинақтауға құлшынысы азаяды. Сонымен қатар құрылыс салушылар құрылыс аяқталғаннан кейін меншік иелерінің келісімінсіз өздерінің аффилиирленген басқарушы ұйымдарын құрады, бұл да меншік иелеріне ұнай бермейді. Алайда көп жағдайда онда ұйымдар жаңа пәтердің кілтін бермеймін деп бопсалай отырып, пәтер иелерін тиімсіз шарттарға қол қоюға мәжбүрлейді.
Тұңғыш Президент Н.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты Жолдауында қажетті құқықтық жағдайлар жасауды және пәтер иесіне өз үйін басқару мүмкіндігін қамтамасыз етуді тапсырды. Жоғарыда көрсетілген проблемаларды ескере отырып, жұмыс және заңды келісу шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мүдделі органдармен, қоғамдық ұйымдармен және бірлестіктермен бірлесіп, тұрғындарға өз үйін өз бетінше не шарт негізінде басқарушы компанияларды немесе КПТҮ басқарушысын тарта отырып басқаруға мүмкіндік беретін кондоминиум объектісін басқарудың тәсілдері мен нысандарын әзірледі.
Енді пәтер иелері мен тұрғын емес үй-жайларды дербес басқару қалай жүргізілетініне тоқталайық. Жиналыста меншік иелері ортақ мүлкін басқару және күтіп ұстау мәселелері бойынша меншік иелерінің мүддесін қорғайтын Үй кеңесінің мүшелерін таңдайды. Кондоминиум объектісін басқарудың екі нысаны «бір үй – бір бірлестік немесе жай серіктестік – бір шот» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл мүлік иелерінің әрбір бірлестігі, жай серіктестік өзінің ағымдағы және жинақ шоттарын ашатынын білдіреді. «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидаты әрбір үйді басқарудың жеке тәсілін көздейді.
Екінші нұсқа – басқару функциясын КПТҮ басқарушыға немесе басқарушы компанияға береді. Жиналыста пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың иелері де Үй кеңесінің мүшелерін, кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдауға не басқару нысанын таңдау туралы өкілеттіктерді Үй кеңесіне, Тексеру комиссиясына беруге тиіс. Егер жиналыста пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері басқару функциясын беру туралы шешім қабылдаса, тиісінше КПТҮ басқарушысын немесе басқарушы компанияны таңдау туралы шешім қабылдауға не сондай-ақ осындай өкілеттіктерді Үй кеңесіне беруге тиіс.
Айта кету керек, заңда сақталған қолданыстағы дауыс беру принципі, әрбір пәтер иесі, тұрғын емес үй-жайдың дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Егер пәтер, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне бірнеше пәтер, тұрғын емес үй-жайлар тиесілі болса, онда тиісті дауыс саны бар.
Осы заңда алғаш рет көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі басқарушы және басқарушы компаниялардың барлық құқықтары мен міндеттері, функциялары жазылған, сондай-ақ «көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы» және «басқарушы компаниялар» ұғымдары берілген.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша еліміздегі көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы саны 79 613 бірлікті құрайды, оның ішінде 57 274 үй немесе 72%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің саны 18 120 бірлікті немесе 23%-ды құрайды. Тұрғын үй қорын жаңғырту жөніндегі іс-шараларды қаржыландырудың балама нарықтық көздерін әзірлеу мақсатында заңда екінші деңгейлі банктердегі жинақ шоттарында қаражат жинақтау жүйесін пайдалану көзделген.
Пәтер иелерінің және тұрғын емес үй-жайлардың күрделі жөндеуге арналған жинақтарының сақталуына, сондай-ақ мүлік иелері бірлестігінің немесе жай серіктестіктің күрделі жөндеуге алынған тұрғын үй заемын өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындауына Үкімет қаулысымен айқындалған Күрделі жөндеуге кепілдік беру қоры кепілдік береді.
Қаржы нарығының барлық қатысушыларының мүдделілігі және оларды өзара тиімді негізде тарту мақсатында екінші деңгейі банктердің тұрғын үй қорын күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға қатысуы олардың құқығы болып табылады, банктердің тізбесі екінші деңгейлі банктермен жасалған шарттар негізінде күрделі жөндеуге кепілдік берудің мамандандырылған қорымен айқындалатын болады.
Тұрғын үй қатынастары саласында жиі көтерілетін мәселелердің бірі – пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды пайдалану, тұрғын үй-жайларды тұрғын емес үйге ауыстыру, үй-жайларды қайта жабдықтау және функционалдық мақсатын өзгерту кезінде тұрғындардың келісімін алу қажеттілігі. Жоғарыда аталған мәселелерді реттеу мақсатында заң бойынша пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың конструктивтік бөлігінің және жалпы үйдегі инженерлік желілердің меншік иесінің өзгеруі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған өзгерістер мүгедектердің тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жазбаша келісімі талап етілмейді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 62 тармағын іске асыру мақсатында, елді мекендерде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «кедергісіз орта» құруға қатысты тұрғын үй заңнамасы нормамен толықтырылады, оған сәйкес тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері мүгедектер үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіс.
Тұрғын үйден тұрғын емес үй-жайға қайта жабдықталған көппәтерлі тұрғын үйлердегі хостелдердің қызметі, сондай-ақ КПТҮ-де тұратын азаматтар тарапынан ерекше алаңдаушылық тудырады. Онда тұратын адамдар қоғамдық тәртіп нормаларын әрдайым сақтамайды. Азаматтардың қауіпсіз және қалыпты өмір сүруі мақсатында заң шығарушы заңнамада көппәтерлі тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайға немесе жеке тұрған ғимаратқа, ғимараттың бір бөлігіне, жеке тұлғалардың уақытша тұруына арналған және пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитарлық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен ережелерге сай келетін «хостел» ұғымы берілді.
Азаматтардың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде, заңмен белгіленген міндеттерден басқа пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің, сондай-ақ жалдаушылардың құқы нақтыланды. Атап айтқанда, түнгі уақытта тыныштықты сақтау, оның ішінде азаматтардың қалыпты демалысы мен тыныштығына, осы үшін белгіленген арнайы орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға кедергі келтірмеу, пәтерде, тұрғын емес үй-жайда және олардан тыс шұғыл қажеттілікпен байланысты емес шу шығаратын жұмыстарды жүргізбеу қарастырылды. Құрылыс, санитарлық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен ережелер қамтылды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жалдау және қосымша жалдау шартында жалға беруші жалдаушыға нысанды басқаруға дауыс беру құқығын бере алады.
Бүгінде елімізде лифт жабдықтарын қауіпсіз пайдалану саласында қолайсыз жағдай қалыптасқанын жасыруға болмайды. Сол себепті 2012 жылдан бастап лифтілерді монтаждау және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды лицензиялау туралы заңға түзетулер енгізілді. Арнайы талдау жұмыстарында белгілі болғандай, лицензиялауды жою тиісті тәжірибесі, біліктілігі және техникалық жарақтандырылуы жоқ, осы қауіпсіз бизнесті жүргізу дағдысыз серіктестіктердің тұтас блогы пайда болды. Лифт жабдықтарын тұрғын үй кешендеріне жеткізген, бірақ кепілдік және кепілден кейінгі қызмет көрсету міндеттемелері бойынша жауап бермеген компаниялар бар. Бұл елімізде лифті апаттарының көбеюіне әкеліп соқтырды. Сараптама көрсеткендей, апаттардың жиілеуінің негізгі себебі – лифтілерді монтаждау және одан әрі пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан тораптар мен агрегаттардың тозуы. Осы проблемаларды шешу үшін өкілетті орган лифтілерді монтаждау және пайдалану саласындағы талаптарды күшейту және реттеу бойынша мынадай шаралар қабылдады:
– лифттерді монтаждауға, қызмет көрсетуге бірыңғай талаптарды анықтайтын және 16 нормативтік техникалық құжаттарды біріктіретін ұлттық стандарт әзірленді;
– ұлттық стандартты міндетті түрде қолдану мақсатында «Азаматтық қорғау туралы» заңға мүгедектер үшін лифтілерді, эскалаторларды, траволаторлар мен көтергіштерді монтаждау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету, техникалық куәландыруға қатысты тиісті толықтырулар енгізілді;
– «Азаматтық қорғау туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізе отырып, лифтілерге қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қарастырылды.
Сондай-ақ заң шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды, оның ішінде лифтілерді, эскалаторларды қауіпсіз пайдалануды мемлекеттік қадағалау құзыреті беріледі. Ал өкілетті органдарға әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін және тексеру парақтарын әзірлеу әрі бекіту құзыреті беріледі. Осы аталған шаралар бұл саладағы проблемаларды шешуге жол ашады.
Бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың және тұрғын үй құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерінің меншік иелері арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында осы салаға электронды ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру көзделіп отыр. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері электронды ақпараттық ресурстар, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттық жүйелер болып табылады.
Заң жобасын Парламентте қарау шеңберінде Үкімет отырысында мақұлданған бірыңғай республикалық медиа-жоспар бойынша заң жобасының жаңалықтары республикалық және өңірлік телеарналарда, баспасөзде, интернет-ресурстарда кеңінен түсіндіріліп, осы тақырыпта брифингтер өткізілгенін атап өткен жөн. Айталық, «Хабар 24», «Qazaqstan», «Первый канал Евразия», «31 канал», «Алматы», «Астана ТВ», «КТК» телеарналарында, «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Время», «Караван», «Курсив» сынды республикалық баспасөзде, сондай-ақ «inform.kz», «tengrinews.kz», «today.kz», «bnews.kz», «zakon.kz», «caravan.kz», «nur.kz» сынды ақпараттық интернет-ресурстарда көптеген материал жарияланды. «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ алаңында Инвестициялар және даму вице-министрінің, облыс әкімдіктерінің тиісті басқармасы басшыларының қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселелеріне арналған брифингтер өткізілді. Заң жобасын Парламент Мәжілісінде қарау шеңберінде заң жобасының негізгі ережелерін талқылау және түсіндіру үшін Алматы, Шымкент, Көкшетау, Петропавл және Тараз қалаларында депутаттардың қатысуымен жұмыс тобының көшпелі отырыстары өткізілді. 2019 жылдың 14 ақпанында Nur Otan партиясының Орталық аппаратында депутаттардың қатысуымен көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумын мемлекеттік тіркеу мәселелерін талқылау бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті.
Қабылданған заң көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп-ұстауды жақсарту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің қызметін жаңа сапалы деңгейге көтеруге, оның ашықтығын арттыруға және пәтер және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерін ортақ мүлікті күтіп-ұстау және жөндеу мәселелерін шешуге қатысуды жандандыруға ынталандырады деп пайымдаймыз.
Бейбіт АТАМҚҰЛОВ,
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Алматыдағы NIS Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ш.Қалдаяқовтың өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтеді
Театр • Бүгін, 11:54
Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты
Әлем • Бүгін, 11:53
«Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы талқыланады
Қоғам • Бүгін, 11:51
Алынған зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығы қалай ұсталады?
Қаржы • Бүгін, 11:39
Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейірім керек
Медицина • Бүгін, 11:32
Шымкентке биыл 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 11:25
«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:21
Алматыда мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:19
СҚО ПД бастығы халықпен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Бейбіт Атамқұлов қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен кездесті
Экономика • Бүгін, 11:11
Банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:04
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Елімізде сұйытылған газдың бағасын уақытша реттеу тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:57
Парламентаризм институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:39
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
Президент • Бүгін, 10:36
Сирек кездеседі, бірақ жалғыз емес: Орфандық аурулар туралы не білеміз?
Медицина • Бүгін, 10:32
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс депутаттары тауар белгілері туралы халықаралық келісімді қарайды
Парламент • Бүгін, 10:21
Ана мен баланы әлеуметтік қолдауға қанша қаражат бағытталды?
Қоғам • Бүгін, 10:17
Кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселесі талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:58
Алматыда Крылов атындағы балалар кітапханасы жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 09:56
Қытайға бару үшін виза беру мүмкіндіктері талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 09:41
Бүгін Нұр-Сұлтан және Көкшетау қаласының оқушылары қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:34
Шымкенттік ұстаз «даму» қоры арқылы оқу орталығын дамытқан
Білім • Бүгін, 09:30
Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Ахметжан Есімов БАӘ-нің әл-ауқат қорының басшылығымен кездесті
Экономика • Бүгін, 09:23
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:21
Коронавирусқа тағы 51 адам шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Қазақстан-Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті
Саясат • Бүгін, 09:17
ҰБТ тапсыру ерекшеліктері «Ашық есік» күнінде талқыланды
Білім • Бүгін, 09:16
«Өрлеуде» инклюзивті білімге арналған курс ұйымдастырылды
Білім • Бүгін, 09:12
Астана мен Ақмола облысындағы оқушылар қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:08
Тоғызқұмалақ турнирі қаһарманға арналды
Аймақтар • Бүгін, 08:43
COVID-19: Сыры қашан ашылар?..
Коронавирус • Бүгін, 08:35
Медицина • Бүгін, 08:34
Оқу үдерісін қазақшалауға қосқан үлесі зор
Білім • Бүгін, 08:32
Жақсылық жасасаң, ауылыңа жаса
Медицина • Бүгін, 08:31
Ұқсас жаңалықтар