Таяуда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өткен бокс кешінде Мексиканың мықтысы, WBO нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хайме Мунгия ирландиялық Гэри О’Салливанды 11-раундта техникалық нокаутпен ұтып, дүйім жұрт алдында өзінің мықтылығын тағы бір паш етті.

Бұл жекпе-жек жайында біз бекер әңгімелеп отырған жоқпыз. Оның өзіндік себебі бар. Атап айтсақ, Гэри О’Салливан кезінде Бораттың кейпіне еніп, Қазақстанның мақтанышы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырған еді. Бірақ GGG өзінен деңгейі әлдеқайда төмен боксшымен күш сынасуды құп көрмеді. Ал Хайме Мунгия болса, алдағы уақытта қазақтың құрыш жұдырықты жігіті Қанат Исламмен жұдырықтасуы мүмкін. Бұл күндері бұқаралық ақпарат құралдарында осы іспеттес әңгімелер жиі айтылуда.
Расында да, Хайме Мунгия – өте мықты боксшы. 23 жастағы Мексиканың өрені кезінде бірнеше белді нұсқалар бойынша әлем чемпионы атанған әйгілі Антонио Маргаритомен бір залда жаттығып, сақа спортшыдан көп нәрсе үйренді. Қазіргі кезде ол Ноэ Альварес пен Роберт Алькасар сынды білікті бапкерлердің қол астында жаттығуда. Сонымен қатар Хайменің әкесі де осы спорт түрін серік етіп, аса ауыр салмақта өнер көрсетті.
Кәсіпқойлар арасында өзінің тұсаукесер кездесуін Мунгия 2013 жылдың 13 шілдесінде өткізді. Ол кезде Хайме небары 16 жаста еді. Содан бері 35 мәрте рингке көтерілген ол барлық қарсыласынан басым түсті. 28 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Былтырғы жылдың мамыр айында өткен жекпе-жекте АҚШ-тың өкілі Садам Әлиді төртінші раундта ұрып жыққан Мексиканың жас перісі бірінші орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын иеленді. Өзінің алтын белбеуін ол ұлыбританиялық Лиам Смит, канадалық Брэндон Кук, жапониялық Такеши Иноуэ, ирландиялық Денис Хоган және ганалық Патрик Аллотиге қарсы айқастарда сәтті қорғады.
Былтыр Мунгия сол кездегі WBC, WBA және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық тәждің иегері Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға ниет білдірді. Қазақстандық боксшы қарсылық білдірмеген көрінеді. Бірақ Невада штатының атлетикалық комиссиясы тәжірибесінің аздығын алға тартып, Головкиннің Мексиканың өренімен күш сынасуына рұқсат бермеді.
Бұл күндері барша қазақстандық жанкүйерлер Хайме Мунгияның Қанат Исламмен күш сынасуын қалап отыр. Себебі қандасымыздың кәсіпқой рингте күш сынасып жүргеніне сегіз жылға жуықтап қалды. Сол аралықта 27 жекпе-жек өткізген ол барлығын жеңіспен аяқтады. 21 қарсыласын есінен тандырды. Соған қарамастан, 35 жастағы Ислам үшін белді нұсқалардың бірінің алтын белбеуі үшін таласудың еш реті келмеді. Шыны керек, Қанат тек ортаңқол боксшылармен ғана жұдырықтасып жүр. Оны мойындауға тиіспіз. Соның салдарынан ол бір орында қалып қойды. Бокс әлеміндегі дәрежесі де, беделі де өсе қойған жоқ. Рейтингі де тұралап тұр. Ал егер жоғарыдағы жоспар жүзеге асып, Мунгия мен Ислам ортақ мәмілеге келсе, Қанат бауырымыз үшін кәсіпқой рингте өзін түбегейлі мойындатуға тамаша мүмкіндіктің туындайтыны анық.
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 16:13
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Алматыдағы NIS Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ш.Қалдаяқовтың өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтеді
Театр • Бүгін, 11:54
Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты
Әлем • Бүгін, 11:53
«Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы талқыланады
Қоғам • Бүгін, 11:51
Алынған зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығы қалай ұсталады?
Қаржы • Бүгін, 11:39
Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейірім керек
Медицина • Бүгін, 11:32
Шымкентке биыл 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 11:25
«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:21
Алматыда мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:19
СҚО ПД бастығы халықпен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Бейбіт Атамқұлов қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен кездесті
Экономика • Бүгін, 11:11
Банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:04
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Елімізде сұйытылған газдың бағасын уақытша реттеу тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:57
Парламентаризм институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:39
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
Президент • Бүгін, 10:36
Сирек кездеседі, бірақ жалғыз емес: Орфандық аурулар туралы не білеміз?
Медицина • Бүгін, 10:32
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс депутаттары тауар белгілері туралы халықаралық келісімді қарайды
Парламент • Бүгін, 10:21
Ана мен баланы әлеуметтік қолдауға қанша қаражат бағытталды?
Қоғам • Бүгін, 10:17
Кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселесі талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:58
Алматыда Крылов атындағы балалар кітапханасы жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 09:56
Қытайға бару үшін виза беру мүмкіндіктері талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 09:41
Бүгін Нұр-Сұлтан және Көкшетау қаласының оқушылары қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:34
Шымкенттік ұстаз «даму» қоры арқылы оқу орталығын дамытқан
Білім • Бүгін, 09:30
Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Ахметжан Есімов БАӘ-нің әл-ауқат қорының басшылығымен кездесті
Экономика • Бүгін, 09:23
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:21
Коронавирусқа тағы 51 адам шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Қазақстан-Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті
Саясат • Бүгін, 09:17
ҰБТ тапсыру ерекшеліктері «Ашық есік» күнінде талқыланды
Білім • Бүгін, 09:16
«Өрлеуде» инклюзивті білімге арналған курс ұйымдастырылды
Білім • Бүгін, 09:12
Астана мен Ақмола облысындағы оқушылар қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:08
Тоғызқұмалақ турнирі қаһарманға арналды
Аймақтар • Бүгін, 08:43
COVID-19: Сыры қашан ашылар?..
Коронавирус • Бүгін, 08:35
Медицина • Бүгін, 08:34
Оқу үдерісін қазақшалауға қосқан үлесі зор
Білім • Бүгін, 08:32
Ұқсас жаңалықтар