Қоғам • 21 Қаңтар, 2020

Қызметіміз – мәңгілік ғұмырымыз үшін...

287 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қызметіміз – мәңгілік ғұмырымыз үшін...

Бұл қазақтың баға жетпес кие­лі­сі не? Тәуелсіздігі. Елдігі.

Айбыны бөлек, ешнәрсеге – бай­лығыңа да, мансабыңа да, марапатыңа да, мақтангерлікке де, ауысып жататын бақ пен таққа да тең келмейтін – Азат­ты­ғы!

Содан болар, дүлділ ақын Несіпбек Айтұлының: «Өзегім талып жеткен Тәуелсіздік, Өмір­де не бар екен сенен қымбат!» деуі.

Көне дәуірдегі бабала­ры­мыз, Күлтегін мен Тоныкөктей ғұла­ма­ларымыз түп тамырымыздың түгел болуын тілеп: «Түркі халқы жойыл­масын, Ел болсын!» депті.

Қазақтың ынтымаққа ұйып, ірі болған да кезі, аран-аран болып, адасқан да тұсы, жарасқан да сәті тарихтан белгілі.

«Кеуде бір жерді жол қылсам,

Шөлең бір жерді көл қылсам,

Құрап жанды көп жиып,

Өз алдына ел қылсам!», деп толғапты Ақтамберді жырау.

«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден», – дейді Алаш арысы Әлихан Бөкейхан. Бұл да айнадай ақи­қат, осы күні білімді аз ба?

«Олжалы жерде үлестен қа­ғыл­­­­ғанымыз, жоралы жерде жол­­­дан қағылғанымыз – бәрі на­­­дандық кесапаты», дей­ді ұлт ұс­тазы Ахмет Бай­тұр­сын­ұлы. Бұл да рас. Сөзге тоқ­та­май сүй­рең­десең барыңнан да, нәрің­нен де айрылмай қой­май­сың.

«Билік айтсаң – түзу кес, ада­лын айт. Тиянақ көрме жал­ған­ды», депті Шәкәрім қажы. Сөзің мен ісің үйлеспесе – бұл келіспеген кемістік.

Иә, сансыз тосқауылдан өтіп, сұм саясаттың торын сыпырып тастап – сәулелі азаттық та­ңы­ның саумал ауасын жұтып, сән-салтанатын көріп жүрміз. Бұл азаттықтың арқасы, Тәуел­сіз­дік­тің басқа қондырған бағы!

Қара сөздің қас шебері, кәу­сар ойдың кені Әбіш Кекіл­бай­­­ұлының зерделеуінше тәм­сіл­десек: «Ойдағымыз болды. Орта­мыз толды. Төбедегі келді. Төре­лес­кенде де ренжитін ретіміз жоқ. Тек ұзағынан сүйсіндіргей. Ақ жолдың алдындамыз. Үлкен ті­лек­тің үстіндеміз». Тәубе, содан бері отыз жылға таяды, құл­дық сана жоқ баяғы.

Кейде бір шолжаңдайтын ер­ке­­лікті қойсақ: «Әрбір жұ­мыс­қа адалдық керек. Негіз керек. Әсі­ресе, саяси жұмысқа бұл сы­қылды сипаттар өте қажет. Не­гіз­сіз жасалған саясат – бояма саясат. Ондай саясаттың түбі қа­йырсыз», – деген қыршын жас Смағұл Сәдуақасұлының сөзіне ба­ғып, оны ойымызға қорытсақ, қане!

Еркін елдің еркін ұрпақтың, азат қазақтың ұлттық тұрпатын қа­лыптастырды. Байтағымыз пе­йілімізге сай-пейіш тө­рін­дей кең екенін ұғынсақ, ұтыл­ма­сы­мыз анық.

Ендігі жерде: «Мен ел тағ­ды­рына жаны ашитын әрбір аза­мат­қа зор сенім артамын... Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркен­детуге үлес қосуға шақы­ра­мын!

Ұлы Абай өзінің Алтыншы қара сөзінде «Бірлік – ақылға бірлік» дегенін білесіздер. Бере­ке мен бірлік, ақыл мен парасат хал­қымызды үнемі алға бастап келеді.

«Бағытымыз – айқын, жо­лы­­­мыз ашық», деген еді Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев был­тыр­ғы халыққа Жол­да­уын­­да.

Осы айқын бағытта тәуел­сіз­дік­тің туын биік ұстап, «Тәуел­сіз­­дік тұғырымыз – мәңгілік ғұ­­мы­­рымыз» десек, сол үшін қыз­­­мет етсек, елдіктің еңсесі биік­­тей береді.