Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы болды.

Алқа отырысында Әділет министрі М.Бекетаев 2019 жылдың қорытындысы бойынша баяндап, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына әділет органдарының алдына қойылған негізгі міндеттерге тоқталды.
Министрдің сөз саптауына қарағанда, құқық қорғау және сот салаларында маңызды өзгерістер күтілуде. Және осы тұста маңызды құжаттардың бірі ретінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануы болмақ. Биыл Волонтер жылы болып жарияланды. Оның мақсаты – қоғамның игілігі үшін халық санасының ерікті еңбекті қабылдауына байланысты сапалы өзгеріс жасау, еріктілер қызметі мәдениетінің даму тетіктерін енгізу. Міне осыған әділет органдары барлық деңгейде заң қауымдастықтарымен бірлесіп белсенді атсалысуы қажет.
Әділет органдарының жаңа құрылымына сәйкес (ауданаралық әділет басқармаларын құру) орталық аппарат пен аумақтық әділет органдары басшылары жергілікті жерлерде жұмысты сапалы ұйымдастыруы қажет. Осыған орай, жұмыс барысында ешқандай кемшілікке және тұрғындар тарапынан ескертуге жол берілмеуі тиіс. Бұдан басқа, қалалық және аудандық әділет басқармаларының оңтайландырылғанын ескере отырып, жергілікті жерлерде факторлық-балдық шкалаға негізделген еңбекақы төлеу жүйесін енгізу керек екенін еске салып өтті ведомство басшысы.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бойынша жұмыс жалғасады. Бұл ретте халықпен тиімді кері байланыс орнатып, азаматтардың өтініштерін сапалы қарау қажет. Өтініштердің көп бөлігін атқарушылық іс жүргізу құрайды, сондықтан осы бағытты ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Әсіресе сот актілерін орындау департаменті республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп шағымның санын азайту мақсатында атқарушылық іс жүргізу бойынша проблемалық мәселелерді шешудің кешенді шараларын қабылдасын, деді министр.
Алимент өндіріп алу – сот актілерін орындау бойынша басым бағыттардың бірі. Түсетін шағымдардың жартысынан көбін осындай істер құрайды екен. Сондықтан аталған мәселені шешу үшін министрлік «Алимент өндіріп алудың тиімді жүйесін жасау бойынша 30 қадам» іс-шаралар жоспарын бекітіп, іске асыруда. Бұл мәселеде жағдайды жақсартудың қосымша тетігінің бірі – арнайы қор құру болып табылады. Осыған орай, алдағы кезеңде Сот актілерін орындау департаменті республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп арнайы қор құру жұмысын жандандырмақ.
Өткен жылғы сот-сараптама, сот актілерін орындау және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау бойынша негізгі жұмыс бағыттары бойынша сот-сараптамаға 190 мыңнан астам материал түскен. Орындалған сараптамалардың үлесі 96%-дан асқан. Бұл ретте, орындалмай қайтарылған материалдар саны айтарлықтай қысқарып, (2019 ж. –
2 238, 2018 ж. – 3 014) қайталама сараптамалар саны 11%-ға азайған (257-ден 229-ға – дейін, оның 153-і расталған, 30-ы расталған жоқ, 26-ы ішінара расталған). Сондай-ақ 2019 жылы ақылы қызмет бойынша өсімге қол жеткізілген. Жылдың қорытындысы бойынша 386 млн теңге көлемінде ақылы қызметтер көрсетілген (2019 ж. – 386 млн теңге, 2018 жылға қарағанда 18%-ға көп – 326 млн теңге).
Сол сияқты халықпен жұмыс істеуде есептік кезеңде барлығы 383 өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық (2018 ж. – 306 өтініш). Алайда арыздардың басым бөлігі өзінің растауын таппаған. Тексеру барысында тек 6 өтініш расталған. Қарау нәтижелері бойынша 16 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жеке сарапшылардың республикалық палатасымен бірлесіп, лицензия негізінде қызметін жүзеге асыратын сот сарапшылардың берген қорытындыларына 157 өтініш қаралып, оның 15-і өз растауын тауыпты. Басым бөлігі, яғни 142-сі расталмаған. Расталған шағымдардың негізінде 2 лицензия тоқтатылған.
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар