Бақандай 10 жыл бойы үздік деп танылған Испания Ла Лигасы бұл жолы тұғырдан тайып, үшінші сатыға сырғып түсті. Олардың алдын Англияның Премьер-лигасы мен мен Бразилияның А сериясы басып озды. Сонымен қатар, Италия, Колумбия, Португалия, Франция, Голландия, Аргентина және Германияның ішкі біріншіліктері үздіктер санатына еніп отыр.
Мықтылар тізімінде Қазақстан Премьер-лигасы 43-орында тұр. Бұрынғы ТМД аумағындағы елдері арасында біз тек Украина (25-орын) мен Ресейді (26-орын) ғана алға жібердік. Азия мемлекеттері арасында алтыншы сатыға тұрақтадық. Алдымызда – Оңтүстік Корея (30-орын), Египет (31-орын), Сауд Арабиясы (32-орын), Жапония (37-орын) және Қытай (39-орын). Ал Еуропа құрлығы бойынша 26-орынға табан тіредік.