03 Тамыз, 2013

Ақпараттар ағыны

216 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шілдеде өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 1,8 пайызға жоғарылады. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды. Агенттік мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылғы шілдеде маусыммен салыстырғанда, баға кен өндіру өнеркәсібінде 2,9 пайызға көтерілсе, өңдеу өнеркәсібінде 0,7 пайызға төмендеген.

Байқоңырдағы апат үшін «Роскосмос» басшысы сөгіс алды. Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведев «Роскосмос» басшысы Владимир Поповкинге міндетін лайықты деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялады.

Шығыс Қазақстанда 27 мыңнан астам бала мемлекеттен және меценаттардан көмек алды. Осыған қатысты «Мектепке жол» акциясы аясына тұрмысы төмен отбасылардан шыққан мектеп оқушылары, ата-анасының қарауынсыз қалған және мүгедек балалар қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында жыл басынан бері 11 млрд. 450 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Ауданда жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Асқар Мырзахметов орталыққа жақын тұрған ауданның мүмкіндігі бұдан зор екенін еске салды. Соның айғағындай, өңірде үш бағыт бойынша инвестицияны игеру 3,8 млрд. теңгеге орындалған.

Ақтауда халыққа қызмет көрсету орталығын жаңғырту жүріп жатыр. Таяу аралықта мұнда 35 түрлі жаңа мемлекеттік құжаттарды заңдастырып беру жүзеге асырылады.

Кеше Қостанайда 19 шенеунік «халыққа адал қызмет етуге» ант берді. Рәсімге жақында тағайындалған аудандар мен қалалардың әкімдері, сондай-ақ облыс әкімі аппаратының жетекшісі Арман Әбенов қатысты.

Қызылорда облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 7,5 млрд. теңгеден астам қаржы игеріледі. Бұдан бөлек, республикалық бюджеттен ауыз судың қызмет құнын субсидиялауға 880 млн. 666 мың теңге қарастырылатын болады.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz,

TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.