Спорт • 21 Қаңтар, 2020

Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің екінші кезеңіне жолдама алған үш жерлесіміздің де қарсыластары анықталды.

Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Екінші айналымда әлемнің 26 ракеткасы Елена Рыбакина Гретье Минненмен кезесетіні жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз. WTA рейтингінде 119 орында тұрған Бельгияның өкілі осы жарыстың тұсаукесер кездесуінде беларуссиялық Александра Сасновичке сан соқтырды – 7:6, 4:6, 7:5.

Әлемнің 73 ракеткасы Зарина Диас ресейлік Анна Блинковамен жолығады. Ол WTA рейтингінде 119 орында тұр. Алғашқы кезеңде Блинкова италиялық Жасмин Паолиниді 7:5, 6:4 есебімен үтты.

Әлемнің 38 ракеткасы Юлия Путинцева тағы да америкалық теннисшімен күш сынасады. Бұл жолғы қарсыласы – Даниэль Роуз Коллинс. Ол үздіктер тізімінде 25 сатыға жайғасқан. Бүгін Коллинс ресейлік Виталия Дьяченкодан басым түсті – 6:1, 3:6, 6:4.