Спорт • 21 Қаңтар, 2020

Кәсіпқой бокс: Батыр Жүкембаев Рикардо Ларамен жұдырықтасады

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жартылай орта салмақта күш сынасып жүрген қазақтың кәсіпқой боксшысы Батыр Жүкембаев өзінің келесі жекпе-жегін 25 қаңтарда Канаданың Монреаль қаласында өткізетіні белгілі.

Кәсіпқой бокс: Батыр Жүкембаев Рикардо Ларамен жұдырықтасады

Бұған дейін БАҚ өкілдері WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental нұсқалары бойынша алтын белбеуін қорғап қалу үшін қандасымыз аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронамен күш сынастаны жайында жазған. Алайда Оңтүстік Американың оғыланы Канадаға виза ала алмай, айтулы бокс кешіне қатыспайтын болды.

Енді Батыр Жүкембаевтың мексикалық Рикаро Ларамен жұдырықтасатыны белгілі болды. 27 жастағы Мексика боксшысы осы күнге дейін 29 кездесу өткізіп, 22 рет жеңіске жетті. 10 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады.  

Ал 28 жастағы Батыр Жүкембаев үш жарым жыл аралығында 17 рет шаршы алаңға шығып, барлығында басымдық танытты. 13 қарсыласын нокаутқа жіберді. Соңғы рет ол 26 қыркүйекте мексикалық Мигель Васкесті ұпай санымен ұтты.