Қазақстан Орындаушылар одағының (КОУПИС) қызметі дауға айналды. Осыдан 10 жыл бұрын құрылған орындаушылардың құқығын қорғауға тиіс ұйым басшылығы отандық өнер иелерін қаламақыдан қағып келген көрінеді. Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал эстрада әншісі Мейрамбек Беспаев өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

Айта кетейік, бұдан бірнеше күн бұрын ұйымның ең жоғары басқару органы – құрылтайшылардың жалпы жиыны жасақтаған басқарма мүшелері Қазақстан Орындаушылар одағы төрағасымен жүздеспек болып басқосқан еді. Алайда тіпті кей орындаушылар бет-жүзін көріп-білмеген төрағаны жиын төрінен таба алмады. Ашуға мінген өнер иелері сол басқосуда одақ төрағасы етіп бірауыздан М.Беспаевты сайлап алған болатын.
Оны «МұзАрт» тобының мүшесі Мейрамбек Беспаев тағы сол Instagram парақшасында хабарлады. «Бүгін өнерде жүрген барша әріптестерім ұсыныс жасап, бірауыздан дауыстарын беріп, мені Қазақстан Орындаушылар одағының (КОУПИС) басқарма төрағасы етіп сайлады» дей келе М.Беспаев қазіргі таңда аталған қоғамдық ұйымның қаржылық жағдайы нашарлағанын, бұдан қалды біраз құрылымның алдында қарызы барын, әншілер мен ән өңдеушілердің алдында беделі төмендегенін жеткізеді. «Менің мақсатым – ұйымның жұмысын жақсарту арқылы қазақтың төл өнерін дамыту, өнерде жүрген әншілердің құқығын қорғап, тиісті шаруаларын шешу болып отыр» дейді әнші.
Бұдан соң әншінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Мәжіліс депутаты Зағипа Балиеваға қарата айтқан жазбасы пайда болды. Қоғамды жалт қаратқан да осы жазба. «Құрметті Зағипа Яхияқызы! Мен 2020 жылдың 15 қаңтары күні Қазақстан Орындаушылар одағының басқарма төрағасы болып сайландым. Дауыс беруге ұйымның ең жоғары басқару органы – құрылтайшылардың жалпы жиыны жасақтаған басқарма мүшелерінің барлығы қатысты. Сайлау өткізуге қажетті кворум болды. Барлық регламент пен заңдылық толықтай сақталды. Хаттама толтырылып, мені бас директор қызметіне кірісуім туралы бұйрық та шығып қойды. Енді келіп бұрынғы басшылық жаңа басшылыққа қарсы қоқан-лоқы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылық көрсетуде» дей келіп, оның артында депутаттың ұлы тұрғанын жазды.
Түсінгеніміздей, "Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры" демекші, авторлардың қаламақысына қатысты болып отыр. Алайда «КОУПИС» РҚБ-ның ресми сайтында басқарма төрағасы З.Балиеваның ұлы Данияр Балиев емес, Арман Жанатбекұлы Кенжебаев есімді азамат екені көрсетілген.
Өз кезегінде З.Балиева Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында «Дәл қазір мен Мейрамбектің қоңырау шалғанын күтіп отырмын. Мына жерде он адам болып жиналып отырмыз. Мен әлеуметтік желіге өз телефонымды салып, маған қоңырау шалуын сұрадым. Енді бәріміз Мейрамбектің қоңырауын күтіп отырмыз. Оның қандай арыз-талабы бар екенін білгіміз келеді» деген еді.
«Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды». Әншінің бұл бастамасына «бір терінің пұшпағын илеп жүрген» әріптестері де қолдау білдірді. Одақ мүшесі Мұқасан Шахзадаев «31 телеарна» мен tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында «Қанша жыл бойы әншілердің сыйақысын төлемеуі туралы жиын болды. Оның алдында тек кішігірім ақы төленген. Кейін 4-5 жыл бойы ешқандай қаражат төленбеді. Кейінгі жылдары ешқандай сыйақы төленбегендіктен дау басталған. Әншілер сол ұйымға тіркеледі. Яғни, менің орындауымда қанша ән болса, соның барлығы тіркеледі. Сол әндердің қолданылуына қарай ақы төленеді» деді.
Жиынға қатысқандар қатарында әнші Жеңіс Ысқақова да бар. Оның айтуынша, төленбей келген қаржының кем дегенде жартысы төленіп, егде жастағы өнер иелеріне қолдау ретінде жұмсалуы тиіс. «Біз сеніп, тіркеліп, сол ұйымға мүше болдық. Тоғыз жылдан бері қаламақының қайда кеткенін сұрадық. Жиында «Басшылық біздің алдымызда жауап бере алмаса, заң алдында жауап берсін» деп айттым. Осы күнге дейін біздің қаламақымызды ақыры құртқан екен, енді соның ең болмаса жартысын қалпына келтіріп, қор ашылсын» дей келе «Енді әншілердің сыйақысын қалпына келтіре ме, жоқ па – кім біледі? Бірақ тым болмаса бір бөлігі қалпына келтіріліп, жаңадан қор ашылуы керек» деген пікірді ұстанады Ж.Ысқақова.
Өнер айдынында өзіндік өрнек қалдырған Өмірқұл Айниязов: «Ұйым ашылғалы әркімге әртүрлі қаржы түскен. Негізі мардымсыз: біреуге 5 мың, біреуге 10 мың, ең көбі сол 30 мың теңгедей түскен. Соңғы бір жылдықта мүлде төленбеген. Ол ұйымның адамын да танымаймыз. Оның басшысы өнерді түсінетін адам болуы керек деп есептейміз. Барлығы ашық түрде болса деген ой. Біз қыруар қаражат алсақ деп ойламаймыз, әрине. Тек бізден кейін келе жатқан жас әншілер өз құқықтарын білсе дейміз» дейді өз ойымен бөлісіп.
Бірнеше күнге созылған пікірталас ақыр соңы оң шешімін тапқан іспетті. Бұл туралы М.Беспаев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында баяндады. «Кешелі бері Қазақстан Орындаушылар одағы маңындағы өрбіген жағдайға байланысты келесіні хабарлаймын. Бүгін ұйымның бұрынғы басшылығымен кездесу өткіздім. Барлық мәселе бойынша келіссөз жүріп, ортақ шешімге келдік. Біріншіден, менің заңды түрде басшы ретінде әділет органдарында тіркелуіме бұрынғы басшылық ешқандай кедергі келтірмейтін болды. Екіншіден, одақтың басқа ұйымдар мен құрылымдардың алдындағы міндеттемелерін бұрынғы басшылық және біз екі жақтап шешетін болдық» дей келе «Бір елдің балалары болғандықтан, сөзге тоқтаған текті халықтың ұрпағы болғандықтан, біз ортақ мәмілеге келдік. Сол себептен қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері, құрметті апайымызға қатысты кеше жариялаған постымды алып тастаймын. Кеше орын алған мәселені әрі қарай ушықтырмай, тез арада шешілуіне ықпал еткен Зағипа Яхияқызына алғыс айтамын! Мені қолдап, жылы сөзін аямай жатқан барлық ағайынға Алла разы болсын» деді әнші.
P.S. Ақынға – ұтымды сөз, сазгерге – әуезді саз, өңдеушіге – шынайы шеберлік, орындаушыға – тыңдарманның жүрек-кілтін іздеткен, табан ет, маңдай термен жарық көрген әсерлі ән радиода, телеарналарда, мейрамханалар мен тойханаларда күнде орындалады. «Әннің де естісі бар, есері бар…» дейміз көңілге қонбаса. Естісінен бұрын, сол әннің иесі бар-ау деп қаламақысына кім бас қатырыпты? Ойланарлық жайт.
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Алматыдағы NIS Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ш.Қалдаяқовтың өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтеді
Театр • Бүгін, 11:54
Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты
Әлем • Бүгін, 11:53
«Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы талқыланады
Қоғам • Бүгін, 11:51
Алынған зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығы қалай ұсталады?
Қаржы • Бүгін, 11:39
Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейірім керек
Медицина • Бүгін, 11:32
Шымкентке биыл 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 11:25
«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:21
Алматыда мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:19
СҚО ПД бастығы халықпен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Бейбіт Атамқұлов қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен кездесті
Экономика • Бүгін, 11:11
Банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:04
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Елімізде сұйытылған газдың бағасын уақытша реттеу тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:57
Парламентаризм институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:39
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
Президент • Бүгін, 10:36
Сирек кездеседі, бірақ жалғыз емес: Орфандық аурулар туралы не білеміз?
Медицина • Бүгін, 10:32
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс депутаттары тауар белгілері туралы халықаралық келісімді қарайды
Парламент • Бүгін, 10:21
Ана мен баланы әлеуметтік қолдауға қанша қаражат бағытталды?
Қоғам • Бүгін, 10:17
Кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселесі талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:58
Алматыда Крылов атындағы балалар кітапханасы жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 09:56
Қытайға бару үшін виза беру мүмкіндіктері талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 09:41
Бүгін Нұр-Сұлтан және Көкшетау қаласының оқушылары қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:34
Шымкенттік ұстаз «даму» қоры арқылы оқу орталығын дамытқан
Білім • Бүгін, 09:30
Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Ахметжан Есімов БАӘ-нің әл-ауқат қорының басшылығымен кездесті
Экономика • Бүгін, 09:23
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:21
Коронавирусқа тағы 51 адам шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Қазақстан-Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті
Саясат • Бүгін, 09:17
ҰБТ тапсыру ерекшеліктері «Ашық есік» күнінде талқыланды
Білім • Бүгін, 09:16
«Өрлеуде» инклюзивті білімге арналған курс ұйымдастырылды
Білім • Бүгін, 09:12
Астана мен Ақмола облысындағы оқушылар қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:08
Тоғызқұмалақ турнирі қаһарманға арналды
Аймақтар • Бүгін, 08:43
COVID-19: Сыры қашан ашылар?..
Коронавирус • Бүгін, 08:35
Медицина • Бүгін, 08:34
Оқу үдерісін қазақшалауға қосқан үлесі зор
Білім • Бүгін, 08:32
Жақсылық жасасаң, ауылыңа жаса
Медицина • Бүгін, 08:31
Көмбедегі көне күй күмбірлейді
Өнер • Бүгін, 08:27
Қазақстан • Бүгін, 08:26
Руханият • Бүгін, 08:25
Білім • Бүгін, 08:25
Өңірдің өркендеуі – ортақ игілік
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 08:22
Аймақтар • Бүгін, 08:22
Тұрғын үйлерді басқару тығырыққа неге тірелді?
Қоғам • Бүгін, 08:20
Ғұлама ғалым, көрнекті қайраткер
Қазақстан • Бүгін, 08:19
Ұқсас жаңалықтар