03 Тамыз, 2013

Көрмелер бюросының басшысын қабылдады

343 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

photo 97172Бұрнағы күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталесті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Астана­да ЭКСПО-2017 көрмесін ұйым­дастыру мәселелері, соның ішінде Тіркеу құжаттамасын дайындау процесі талқыланды. Мемлекет басшысы В.Лоссерталестің Қа­зақстанға жиі сапарының ма­ңыздылығын атап өтіп, ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс білдірді.

01-1 

Бұрнағы күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталесті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Астана­да ЭКСПО-2017 көрмесін ұйым­дастыру мәселелері, соның ішінде Тіркеу құжаттамасын дайындау процесі талқыланды. Мемлекет басшысы В.Лоссерталестің Қа­зақстанға жиі сапарының ма­ңыздылығын атап өтіп, ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс білдірді.

– Біз ЭКСПО көрмесін өт­кізу­дегі әлемнің көптеген мем­ле­кетінің үздік тәжірибесіне талдау жасадық. Осыған байланысты біз үшін көрмені өткізу елімізге қандай пайда әкелетіні және ол аяқталғаннан кейін не болатыны ерекше маңызды. Бұл мәселе көптеген азаматтарымызды толғандырады. Біз құрылған инфрақұрылым өз қолданысын тауып, елордамызға және барша елімізге пайдасын тигізуі үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл» экономикаға өту жөнінде елі­міз қабылдаған тұжырымдама «Бо­ла­шақ энергиясы» атты көрме та­қы­рыбымен үндесетінін де атап өтті.

– Аталған мақсаттағы жетіс­тік­тер бірқатар салалар бойынша нақты өзгерістерге түсіп, жаңа индустрияны қалыптастырады және сапалы жұмыс орындары құрылады. Осының бәрі еліміздің одан әрі дамуына елеулі ықпалын тигізеді, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде В.Лоссерталес ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге даярлық жасау жөнінде Қазақ­стан­дағы қызметтің жеделдігі мен тиімділігіне тоқталды.

– Біз көрмеге уақытылы дайындалып және өткізу үшін бел­гіленген жоспарға сай жұмыс жүргізудеміз. Тиімді үйлестіру бар. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия арнайы компания құру тапсырмасын табысты орындап, қысқа мерзімде тиімді жұмысты жолға қойды. Ең бастысы – бар­лық қажетті құжат, соның ішінде Тіркеу құжаттамасы іс жү­зінде дайын. Биыл құжаттама ұсынылады, одан кейін біздің ішкі рәсімдер жүзеге асырылады, ал келесі жылы біз тіркеуді толық аяқтаймыз, – деді Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы.

Сондай-ақ, кездесу барысын­да көрмені ұлттық деңгейде де, халықаралық деңгейде де ілге­рі­летудің маңыздылығы атап өтілді.

Қазақстанға сапары кезінде В.Лоссерталеске Тіркеу құжат­тамасының жекелеген тараулары­ның жұмыс бабындағы алдын ала нұсқасы, атап айтқанда, көр­ме­ден кейін пайдалану жоспары, коммуникациялық жоспар, сондай-ақ «Болашақ энергиясы» тақырыбын ашып көрсететін көрменің мазмұны туралы жоспар таныстырылды.