03 Тамыз, 2013

Кәсіби мерекелерімен құттықтап, пәтер кілтін табыс етті

402 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

 

01-1 2

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көлік және байланыс қызметкерлерімен қатар, өздерінің кәсіби мерекесін атап өтетін теміржолшыларды құттықтап, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ салған тұрғын үй кешенінен оларға жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті.

Салтанатты шарада көтеріңкі көңіл-күйде болған Президент теміржолшылардың еліміздің экономикасының дамуына қосып жат­қан зор үлесін атап өтті.

 

01-1 2

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көлік және байланыс қызметкерлерімен қатар, өздерінің кәсіби мерекесін атап өтетін теміржолшыларды құттықтап, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ салған тұрғын үй кешенінен оларға жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті.

Салтанатты шарада көтеріңкі көңіл-күйде болған Президент теміржолшылардың еліміздің экономикасының дамуына қосып жат­қан зор үлесін атап өтті.

02-1

04

Жыл сайын Қазақстанда 1500 ша­қырымнан аса автомобиль жолдары жөндеуден өткізіледі. Сондай-ақ, 1200 шақырым жаңа темір жол желілері тартылады, деді Президент. Бірде-бір посткеңестік елде тәуелсіздік жылдары мұндай көлемде жол салынған жоқ. Сонымен қатар біз вагондар мен локомотивтер құрастыратын өз зауытымызды салып, енді олардың өнімдерін экспортқа шығара бастадық. Бүгінгі күні барлық жолаушы­ және жүк тасымалының ішіндегі ең үлкен үлес теміржолға тие­сі­лі. Соның бәрі сіздердің ең­бек­теріңіздің арқасында қол жеткізілген табыстар.

Қадірменді темір­жол­шылар, мен сіздерді жек­сен­бі күні аталып өтетін кә­сіби мерекелеріңізбен құт­тықтаймын, деді әрі қарай Н.Назарбаев.

– Соның қарсаңында қуаныш­тарыңызға құтты болсын­ айтайын деп әдейі келіп тұрмын. Бүгін сіздер теңдесі жоқ әдемі пәтерлер алатын боласыздар. Мен сіздерге осы баспаналардың кілттерін тапсыру үшін келдім.

Елбасының қолынан бірқа­тар өндіріс озаттары мен те­мір жол саласының үздік ұйым­дастырушылары жаңа пәтер­лердің кілтін алды. Осы орайда Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің үздік металлург ретінде алған алғашқы пәтерін еске алды. Ол «хрущевкадағы» бар болғаны 27 шаршы метрлік ұяшық еді. Соның өзіне біз мәз болып, өзімізді бақытты санаған едік. Сондықтан мен пәтер алудың қаншалықты үлкен қуаныш екенін білемін. Оның үстіне сіздер барынша қолайлы, кең, биік, жарық пәтер алып жатырсыздар, деді Мемлекет басшысы.

03-1

Елбасы Н.Назарбаев жаңа қоныс иелерінің бірі Сыз­ды­қовтардың пәтерінде болып, олардың қуаныштарымен бөлісті.

Бұл «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2012 жылдан бастап сала бастаған 548 пәтерлі тұрғын үй кешенінен берілген пәтерлер. Әзірге оның бірінші кезегі аяқталды, ал 441 пәтерлі екінші кезегі 2014 жылы пайдалануға берілетін көрінеді. Ұлттық компания өңірлерде салынып жатқан темір жол магистральдарының бойындағы стансалар мен бекеттерге де жайлы пәтерлер салуды жалғастырып отыр. Мәселен, «Жезқазған – Бейнеу» теміржо­лы­ның бойына 1482 тұрғын үй салды. Ал жаңадан тұрғызылып жат­қан «Арқалық – Шұбаркөл» же­лісінің бойына 157 пәтер салынбақ.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан».

-----------------------------------------

Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.