04 Тамыз, 2013

А.Емельяненкоға қыз зорлады деген күдік таңылып жатыр

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Александр Емельяненко

Ресейдің ережесіз шайқас майданының жауынгері Александр Емельяненко жас қызды зорлады деген күдікке ұшырады. Бұл туралы FightNews.ru бокс интернет басылымы хабарлады.

Оқиға 2 тамыз күні Мәскеудегі пәтерлердің бірінде орын алған сияқты. Қазір аталмыш іспен Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы аталмыш шағым бойынша процессуалды тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тексеру шеңберінде тергеушілер Емельяненконы тергеп үлгерді. Бұдан кейін арыз беруші қыздың уәждері тыңдалды. Бұдан басқа, кеще тергеушілер қызды медициналық жағынан тексеруді жүргізді.

Айта кетейік, ағайынды Емельянколардың кішісі өзінің келесі жекпе-жегін алдағы 25 тамыз күні Дондағы Ростовта америкалық Дэррил Скуновермен өткізуге тиіс болатын. Алайда, оқиға бұдан әрі осы қалпында өріс алып кететін болса, спортшының таяу аралықтағы тағдырының не болып кетері әзірге белгісіз.

Мұрат Айтқожа.