Спорт • 22 Қаңтар, 2020

Теннис: Елена Рыбакина үшінші айналымға шықты

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінде 20 жастағы қазақстанның теннисшісі Елена Рыбакина табысты өнер көрсетуде.

Теннис: Елена Рыбакина үшінші айналымға шықты

Тұсаукесер кездесуінде Бернарда Перадан басым түскен жерлесіміз іле-шала бельгиялық Гретье Минненді де еш қиналмай ұтты. 1 сағат 13 минутқа созылған бұл сайыста 6:3, 6:4 есебі тіркелді.

Енді үшінші кезеңде Рыбакинаның жолы 23 жастағы жергілікті теннисші Эшли Бартимен қиысады. Бұл күндері әлемнің бірінші ракеткасы атанып отырған Аустралияның өкілі биыл Ролан Гарроста топ жарған болатын. 

Сондай-ақ бүгін Зарина Диас пен Юлия Путинцева да кортқа шығады. Зарина ресейлік Анна Блинковамен күш сынасса, Юлия америкалық Даниэль Роуз Коллинспен кездеседі.

Ал жігіттеріміздің жекелеген сайыста сәтсіз өнер көрсеткені белгілі. Есесіне жұптық бәсекеде олар өздерін жақсы қырынан көрсетуде. Бастапқы кездесуде отандастарымыз әлемдегі ең мықты жұптардың бірі, былтырғы жылғы Ролан Гарростың жеңімпаздары, германиялық Кевин Кравиц пен Андреас Мисті 6:3, 7:6 есебімен ұтты.