04 Тамыз, 2013

Қызғаншақ еркек әйелін өлтіріп, қыздарын суға батырып, өзі асылып қалды

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Трупы-1

Ақмола облысында тұратын бір еркектің қызғаншақтығы бір отбасын түгел жойып жіберді.

Облыстық полиция баспасөз қызметінің дерегіне сілтеме жасаған «Интерфакс-Қазақстан» хабарлағандай, ол Астанадан келе жатқан жолында әйеліне әлдеқалай қызғаныш білдіріп, оның соңын жанжалға ұластырып әкетеді. Осы текетірестің кезінде жігіт зайыбын монтировкамен ұрып өлтіреді де, денесін Арықты селосының тұсында далаға лақтырып тастап кетеді.

Ал ауылға жеткеннен кейін өз анасының жанында қалған бірі жетідегі, екіншісі бестегі екі қызын алып шығып, суға батырып өлтіреді. Осыдан кейін орманның ішіне барып, асылып қалады.

Құрыш Нұрымбет.