Руханият • 22 Қаңтар, 2020

Алматыда «Pygmalion галереясының раритеттері» атты көрме өтіп жатыр

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы мен Pygmalion галереясының ұйымдастыруымен  «Pygmalion галереясының раритеттері» атты көрме өтіп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда «Pygmalion галереясының раритеттері» атты көрме өтіп жатыр

Көрме Еуропа мен Азияның әлемдік деңгейдегі суретшілерінің шығармаларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Бірінші бөлімде қайта өрлеу дәуіріндегі неміс кескіндемешісі Альбрехт Дюрерден бастап ХХ ғасырдағы Пьер Огюст Ренуар, Марк Шагал, Анри Матисс, Сальвадор Дали, Жоан Миро сынды Еуропаның танымал суретшілерінің картиналары қойылған.

Ал екінші бөлімде Эдо кезеңінен (1603-1868 ж. аралығы) бастау алатын Утагава Хиросигэ, Утагава Кунисада, Утагава Куниёси, Тоёхара Кунитиканың укиё-э гравюраларымен танысуға болады.