Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020

Алматыда Жақсылық Үшкемпіров сыйға тартқан МХҚО бар

925 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының цифрландыру бағытындағы жұмыстары мен 2019 жыл қорытындысы» тақырыбында баспасөз брифингі өтті.

Алматыда Жақсылық Үшкемпіров сыйға тартқан МХҚО бар

Бірден айта кеткен жөн, 2019 жыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматыдағы филиалы үшін жемісті болды. Әрі Алматы тұрғындары мен меценаттары да Азаматтарға арналған үкіметтің бастамаларына жақсы қолдау білдірді.

Сондай-ақ өткен жылы филиалдың майдан-кеңселерінің қатары да толыққан болатын. Оның бірі – Алмалы ауданында көпшіліктің сұрауы бойынша ашылған, өз-өзіне қызмет көрсететін трансформацияланған майдан-кеңсе. Ерекшелігі – компьютерлер үстелде эллипс түрінде орналастырылған, ал кеңесшілер ішінде жұмыс істейді, оны шартты түрде «Қанатты Connection Point» деп атайды. Бұл схема оларға компьютерден компьютерге кедергісіз қозғалуға және адамдардың көбірек көмектесуге мүмкіндік береді. Осы қағидат бойынша қызмет көрсету секторын трансформациялау барлық ХҚО-ларда жоспарланып отыр.

Сонымен қатар өткен жылы Алматыда тағы да екі мамандандырылған ХҚО іске қосылған еді. Жетісу ауданында орналасқан №6 МХҚО-ны автокөлік иелеріне меценат, даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіров сыйға тартқан болатын. 2019 жылғы 10 қыркүйекте іске қосылған орталық жыл соңына дейін 8349 өтінім қабылдап, 7084 көлік құралын тіркеп, 663 жүргізуші куәлігін берді.  Электрондық үкімет порталы арқылы 344 өтінім ресімделді.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» халық игілігі үшін жасап жатқанқызметін қолдаушылар саны артып отырғаны қуантады. Даңқты спортшы Жақсылық Әмірәліұлының осындай игі ісі көпке үлгі. Жомарт жүректі ағамыз, енді ауданда автодром салып жатқан жайы бар.