Тағайындау • 22 Қаңтар, 2020

Нұрсұлтан Байтілесов Жоғарғы Сот Аппараты басшысының орынбасары болды

985 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігінің келісіміне және Жоғарғы Сот Төрағасының өкіміне сәйкес Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесов Жоғарғы Сот Аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Байтілесов Жоғарғы Сот Аппараты басшысының орынбасары болды

Н.Байтілесов 1991 жылы туған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетін «экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының магистрі.

2009 жылдан бастап Астана қаласы Алматы аудандық сотының жетекші маманы, бас маман-сот отырысының хатшысы, сот приставы, бас маманы, Атырау, Павлодар облыстық соттарының кеңсесі басшысының орынбасары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас консультанты болып қызмет атқарған.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін – Әскери сот әкімшісінің басшысы, Қазақстан Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Осы тағайындауға дейін Шымкент қаласының Соттар әкімшісінің басшысы болды.