04 Тамыз, 2013

Оралда көп балалы отбасы далада қалғалы тұр

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уральск-многодетная-3

Орал қаласындағы «Арман» шағын ауданында тұратын көп балалы Сағыновтар отбасы таяу күндерде көшеде қалуы мүмкін. Бұл туралы «Уральская неделя» жазып отыр.

Бұған себеп, бала-шағасымен базар блып отырған шаңырақ өздері бұдан 5 жыл бұрын салып алған жер үйден айрылып қалу қаупінде тұр. Бұған дейін жаңа үй салып, оны Сағыновтарға беруге уәде еткен «Инженеринг теплострой» компаниясының басшылығы қазір сол сөздерінен тайып, екі арада жасалған келісімді жалған деп отыр.

Уральск-многодетная-1

Ал Сағыновтар отбасысында қазір жастары кәмелетке толмаған үш бала өсіп келеді.

-Менің осы мәселені шешіп беруді өтініп, бармаған жерім жоқ. Әкімдікке де, қаржы полициясына да, «Нұр Отанға» да барып болдым. Барлығы да шарасыздықтан бастарын шайқайды, - дейді отбасының иесі Гүлзар Сағынова. – Енді шамалы уақыттан кейін балаларым мектепке барулары керек. Ал құрылысшылар әні-міне дегенше үйімізді бұзғалы жатыр. Енді не істейміз?

Уральск-многодетная-2

«Инжерениг теплострой» ЖШС директоры Валерий Мамаев болса, бұл отбасымен ешқандай келісім-шарт жасаспағанын айтады. Олардың өзіне жергілікті билік құрылыс жүргізу үшін 2006 жылы берген учаскесінде бұлардың отырғанын тек 2011 жылы ғана білген.

Сұлтан Бозайғыр.