Қоғам • 22 Қаңтар, 2020

Омбыда «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

810 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 қаңтарда Ресейдегі Қазақстан кинофестивалінің аясында Омбы қаласындағы «Вавилон» кино орталығында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Омбыда «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссёр, сценарист Рүстем Әбдіраштың фильмі қазақ тілінде (орысша субтитрмен) көрсетілді.

Айта кетейік, бұл туынды Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының желісімен түсірілген кинодилогияның бірінші бөлімі.

Қазақ хандығының құрылуы мен Жәнібек, Керей сұлтанның рөлі туралы кинотуындының авторы – Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.