04 Тамыз, 2013

Қарағандылық жас жігіт үйсіз жанды ұрып өлтірген

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бомж-2

Қарағанды қаласында тұратын 20 жасар жас жігіт үй-күйсіз жүрген 50-дегі адамды болмашыға бола ұрып өлтірген. Бұл туралы «Криминальные новости» хабарлады.

Жансыз дене Октябрь ауданындағы шыны ыдыстар қабылдайтын бекеттің жанынан табылған. Дабыл бойынша жеткен полицейлер сарапшылар арқылы марқұмның көп қан жоғалып қойғаннан және ішкі органдарының бүлінгенінен қайтыс болғанын анықтады.

Оқиғаны тексеру барысы мынаған көз жеткіздірді. Қайғылы жағдай 30 шілде күні орын алған. Сол күні Майқұдықтың 12-шағын ауданындағы шыны ыдыстар қабылдайтын бекет жанында бір жас жігіт 50-лердегі үй-күйсіз кісімен қатты сөзге келіп қалған. Осыдан кейін 20-дағы жұлындай жігіт бомжды кеспелтекпен сабай бастайды.

Оның ақыры мынадай болды. Енді жас жігітке үш жылдан жеті жылға дейін түрмеге отыру жазасы төніп тұр.

Мұрат Айтқожа.