Руханият • 23 Қаңтар, 2020

«Суретті түсірген Мамыржан Ботабеков»

124 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуырда Қазақ ұлттық аграр­лық университетіндегі Олжас Сүлейменов атындағы гумани­тарлық тәрбие-білім беру институты залында кәсіби фотосуретші Мамыржан Ботабековпен кездесу кеші өтті.

«Суретті түсірген Мамыржан Ботабеков»

«Шынайы өнерде шекара жоқ» атты шығармашылық кешті ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есполов ашып, өз ісінің нағыз маманы Мамыржан Бо­та­бековтің фотоөнер саласындағы ерен еңбегін айрықша атап өтті.

Бала кезден әкесінің ізін жалғап, әуесқойлықпен басталған бойындағы суретке түсіру өнері 1984 жылы Гер­манияда әскери борышын атқарып жүрген кезеңінде ұштала түсіп, арнайы «Фотография» курсын оқуға жетеледі. Әскерде жүріп қатысқан фотографтар байқауында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, жүлделі орыннан кө­рінді. Әскери борышын өтегеннен кейін, сол елде арнайы тапсырмамен та­ғы да сегіз жыл қызмет етті. Сол ке­зең­дерде өзі секілді қарапайым қазақ ба­ласының арасынан шығып, шетелдік фотоқұрылғыларды жетік меңгеріп, мық­ты неміс фотографтарымен иық тіресе жұмыс істеуі бір жағынан, үлкен мақ­таныш болса, екінші жағынан, сирек кездесетін жағдай.

Германияда әскери қызмет­те жү­ріп фотосурет өнеріндегі жи­нақ­­­та­ған мол тәжірибесін елге кел­­­геннен соң  Ілияс Жансүгіров атын­дағы Же­­тісу мемлекеттік универ­сите­тін­де, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­­­тық университетінде, респуб­ли­калық қоғамдық-саяси «Пара­сат», «Бәй­­­терек» жур­налдарында, «Ал­ма­ты ақшамы» газеттерінде сәтті жал­ғас­тырды. Осы кезеңдерде қалың жұрт­­­­шылыққа, баспасөзді қалт жібер­мей­тін талғампаз оқырман алдында жаны бар фотосуреттерімен танылды. Мерзімді басылымдар мен альбом-кітаптарда «Суретті түсірген Мамыржан Ботабеков» деген жазумен таңбаланған суреттер көптеп жариялана бастады.

Кәсіби фотограф ретінде бірнеше шығармашылық көрмесі де табыспен өтіп, лайықты бағасын алды. Өнер иесінің «Әлемді сұлулықпен сезіну», «Менің сүйікті университетім», «Туған жердің табиғаты», «Менің Қазақ­ста­ным», «Олжас өнегесі» тақырып­та­рын­дағы фотосурет көрмелері жұрт­шы­лық көңілінен шықты.

Кәсіби саладағы елеулі еңбегі  жә­не табысты қызметі үшін әр жылдары «Жылдың үздік фотографы» атты О.Сүлейменов атындағы диплом, әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетінің 70 жылдығы және ҚазҰАУ-дың 80 жылдығына орай Құрмет грамоталары, «Айрықша еңбегі үшін» медалі,  Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесіне байланысты Nur Otan париясының Алғыс хаты, ҚазҰАУ-дың 85 жылдығына орай  «Аграрлық білім, ғылым және өндіріске қосқан үлесі үшін» медалімен, «ҚазҰАУ-85 жыл!» Алтын медалімен марапатталды.

Кездесу кешінде «Рухани жаң­ғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, академик Хангелді Әбжанов, ақын, журналист Алмат Исәділ, Теле-радиостудия меңгерушісі Саниязбек Нұғыман сынды әріптестері мен әр факультеттің студенттері, «Назарбаев білім-ғылым орталығының» белсенді жастары жылы лебіздерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше