Үкімет • 23 Қаңтар, 2020

Экология министрлігінің ұжымы президенттік жастар кадр резервімен толықты

269 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі қызметкерлерінің қатарына президенттік жастар кадр резерв өкілдері келіп қосылды. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Экология министрлігінің ұжымы президенттік жастар кадр резервімен толықты

Мəселен, Экологиялық реттеу жəне бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаменті басшысы қызметіне Қазантаев Дəурен Ғанибекұлы тағайындалды. Ол 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист-халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Бұрын Қазақстанның Экология министрлігі басшысының кеңесшісі болған.

Қазақстанның Энергетика министрлігі Климаттық саясат жəне жасыл технологиялар департаменті директоры орынбасары болып Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті гуманитарлық ғылымдар магистрі Сүлейменова Зүлфия Болатқызы келді. З. Болатқызы Ұлттық саяси зерттеулер институтының (Жапония) Phd дəрежесін алмақ. Бұрын ол БҰҰ Азия жəне Тынық мұхиты, Бангкок (Тайланд) елдеріне арналған экономикалық жəне әлеуметтік комиссия Қоршаған орта жəне даму департаментінің экологиялық мəселелері жөніндегі консультанты болған.

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Əкімшілік жұмыс департаментінің директоры болып Ширанов Акзан Рашидович тағайындалды. Ол 2005 жылы Н. Э. Бауман атындағы Мəскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Тағайындалуға дейін Қазақстанның Энергетика министрінің көмекшісі болған.

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ведомствоның жаңа қызметкерлерін құттықтап, табыстар тіледі. Ол сондай-ақ президенттік жастар кадр резерв құрамына ену зор құрмет пен жауапкершілік екенін атап өтті.

«Біз сіздерді Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінде қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Сіздердің біліктіліктеріңізге сенеміз» деді М.Мырзағалиев.