Руханият • 23 Қаңтар, 2020

Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді

698 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, профессор Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әдебиет қайраткеріне айтулы марапатты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев табыс етті. Бұл жәнінде Б. Сағынтаев өзінің Инстаграмдағы ресми парақшасында жазды.

Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді

«Мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Рүстемұлы қазақ әдебиеті тарихын, кітаптану мен журналистиканы зерттеуге зор үлес қосты. Өзінің 90 жасында да ол әлі жұмыс жасауда. Шериаздан ағаға ұзақ шығармашылық жылдар тілеймін!» деп жазды Б. Сағынтаев.

Елеукенов Шериаздан Рүстемұлы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Аршалы ауылында 1929 жылы 3 қыркүйек күні туған.

Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, жазушы, педагог, журналист, баспагер, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдени қызметкері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Оның еңбектері қазақ әдебиетінің тарихына, қазақ романының тарихы мен теориясына, мағжантану проблемаларына, кітаптану мен журналистикаға арналған.