Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020

Елбасы Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Ж.Әубәкірова Нұрсұлтан Назарбаевқа қазіргі қызметі туралы айтып, алдағы кезеңге шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады

– Сіз өнерде толағай табысқа қол жеткізген елімізге танымал тұлғасыз. Әйелдер арасында Бейбітшілік және прогресс сыйлығын алған бірден-бір адамсыз. Біздің мәдениетімізді әлем елдеріне насихаттадыңыз. Біліміңіз және тәжірибеңізбен өскелең ұрпақпен бөлісуді жалғастыра беріңіз, деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдағанын хабарлаған болатынбыз