Отырысты ашқан Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов аталған заң жоба елдегі бизнес ахуалды жақсарту мақсатында әзірленген және бизнес құру рәсімдерін оңайлатуға, отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға, сонымен қатар бәсекелестікке кедергі жасайтын тосқауылдарды жоюға бағытталғанын атап өтті.
Отандық бизнесті жүргізу шарттарын жақсартуға бағытталған реформаларды көздейтін құжат туралы Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев баяндап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Министрдің айтуынша, бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытында, жылжымайтын мүлікке салынатын ауыртпалықтар туралы, сондай-ақ заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлікке меншік құқықтары туралы ақпаратқа жаппай қолжетімділікті ашу, оған сату-сатып алу мәмілесін өндірістік тіркеу туралы белгінің міндеттілігін алып тастау, Электр желілеріне қосылуға өтінішті электрондық түрде ғана беру жүйесін енгізу сияқты басқа да реформалары көзделеді.
Сонымен бірге, бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға бағытталған түзетулер ұсынылып отыр.
Оның ішінде:
- Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік қатысудың негіздерін қысқарту - Үкіметтің мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекітуі.
- Мемлекеттің нарық субъектілеріне айрықша құқықтар беруінің конкурстық тәртібін және олардың қызметін шектеуді енгізу.
- Телекоммуникациялық инфрақұрылымға және радиожиілік ресурстарына қол жеткізу қағидаларын бекіту.
- Әуежайлар аумағында негізгі әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту. Жеке тұлғалар үшін кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін және бизнесті жүргізудің жекелеген әкімшілік, экономикалық шығындарын жүзеге асыруға шектеулерді алып тастау.
- Монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін нарық субъектілерінің жауапкершілігін арттыру.
Заң жобасында «Doing Business» рейтингі шеңберінде 6 Кодекс пен 33 Заңға өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған. Таныстырылымға Мәжіліс депутаттары, министрліктер, парламенттік емес саяси партиялар, қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Заң жобасы бойынша талқылау одан әрі Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сәкен Өтебаев бастаған жұмыс тобында жалғасады.